Қазақ мақал-мәтелдерінің алаш кезеңінде жариялануы (Ахмет Баржақсыұлы еңбегі негізінде)
Қаралымдар: 634 / PDF жүктеулері: 554
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-159-166Кілт сөздер:
халық мұрасы, фольклор, қазақ мақал-мәтелдері, Ахмет Баржақсыұлы еңбегі, интегративті фольклортану, этнофольклортану, социофольклортануАңдатпа
Алаш кезеңі мұрасын жаңа ғылыми парадигмалар аясында зерттеу – қазіргі
отандық қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарда өзекті мәселенің бірі. Пәнаралық байланыс бағытында жүргізілетін ізденіс алаш мұрасында фольклор материалының молдығын көрсетеді. Ұлт зиялылары отаршылдықтан арылудағы саяси күрескерлік және
ағартушылық мұраттарын қалың қауым санасына ояну дәуірінің рухында сіңіруде халық даналығын ұтымды пайдаланды. Рухани мұра интегративті фольклортану аспектісінде зерттелгенде алаш кезеңі еңбектерінде халық эстетикасы айқын көрінетіні
байқалды. Мақалада халық мұрасы қазақ мақал-мәтелдерін жинап жариялаушы Ахмет
Баржақсыұлының еңбегі қарастырылады. Қазақ мақал-мәтелдерінің табиғатын, жанрын анықтаудағы алғашқы ғылыми қадамының маңызы айқындалады. Қазақ мақал-мәтелдерінің көркемдік-эстетикалық жүйесін саралаудағы құнды тұжырымдары екшеледі. Фольклорлық үлгілердің халықтық сипатын, әлеуметтік маңызын, эстетикалық
әлемін зерделеуі байыпталады. Ертегі, өлең, жұмбақ, мақал және мәтелдерге берген теориялық анықтамаларының құндылығы атап көрсетіледі. Қазақтың мың үш жүз мақалын жинап, «Мың бір мақал» деген атаумен жарыққа шығарудағы маңызды қызметі
бағаланады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




