КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ПЕН МЕДИАДИСКУРСТАҒЫ ПЕРИФРАЗДАР: ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ КОДТЫҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ


Қаралымдар: 0

Авторлар

  • Қ.Ө. Есенова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-7402-3625
  • Ф.К. Исмаилова К. Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9685-6791

Кілт сөздер:

перифраз, лингвопрагматика, көркем дискурс, медиадискурс, ұлттық-мәдени код, тілдік репрезентация

Аңдатпа

Бұл мақалада көркем әдебиет пен медиадискурста перифраздардың лингвопрагматикалық қызметі функционалды-семантикалық тұрғыдан талданады. Перифраз жанама сипаттамалық атау ретінде номинативтік, экспрессивтік, бағалауыштық және эвфемистік әлеуетімен ерекшеленеді. Зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі перифрастикалық бірліктердің көркем және публицистикалық мәтіндегі қолданыс тетіктерін салыстыра сипаттап, олардың прагматикалық ықпал ету мүмкіндігін айқындау. Жұмыстың ғылыми маңызы перифразды тек көріктеуіш амал ретінде емес, дискурстық стратегияның құрамдас бөлігі, мәтінқұраушы және оқырманға ықпал етуші құрал ретінде кешенді қарастыруымен анықталады. Практикалық маңызы – медиамәтін стилін жетілдіруде, мәтін өндірісі мен қабылдануын талдауда, сондай-ақ стилистика және медиалингвистика курстарында қолдануға жарамдылығында. Әдістеме интерпретациялық-функционалдық талдауға сүйенеді, яғни, көркем проза мен мерзімді баспасөз мәтіндерінен іріктелген мысалдар контекстік талдау, прагматикалық интерпретация, салыстырмалы сипаттау және жіктеу тәсілдері арқылы қарастырылды. Нәтижесінде көркем және медиа мәтіндердегі ортақ әрі айырым белгілер сараланып, көркем дискурста перифраздың эстетикалық-образдық және психологиялық сипаттау қызметі басым екені, ал медиадискурста ақпаратты әрлеу, бағалау, эвфемизация, клишелену және манипулятивтік ықпал ету қызметтері күшейетіні көрсетілді. Зерттеу перифраздың дискурсаралық табиғатын нақтылап, қазақ медиатіліндегі екінші деңгейлі номинацияларды жүйелеуге үлес қосады.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есенова, Қ. ., & Исмаилова, Ф. . (2026). КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ПЕН МЕДИАДИСКУРСТАҒЫ ПЕРИФРАЗДАР: ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ КОДТЫҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 155(2). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1295

Most read articles by the same author(s)