CORPUS LINGUISTICS КІЛТ СӨЗІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫҢ БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ: SCOPUS ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ (2015–2025)


Қаралымдар: 0

Авторлар

  • А.Н. Ораз Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4283-9483
  • Қ.Т. Маликов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1563-1927
  • Н.С. Халикова Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1360-0131

Кілт сөздер:

corpus linguistics; библиометриялық талдау; ғылыми жарияланымдар; SCOPUS деректер қоры; зерттеу үрдістері; тақырыптық эволюция; халықаралық ғылыми ынтымақтастық

Аңдатпа

Бұл зерттеу corpus linguistics саласындағы ғылыми жарияланымдардың даму үрдістерін, құрылымдық ерекшеліктерін және негізгі зерттеу бағыттарын анықтауға бағытталған. Зерттеудің мақсаты – SCOPUS деректер қоры негізінде 2015–2025 жылдар аралығында жарияланған corpus linguistics тақырыбындағы еңбектерге библиометриялық талдау жүргізу арқылы аталмыш саланың ғылыми өнімділігін, жарияланымдар динамикасын, жетекші авторлар мен елдерді, халықаралық ғылыми ынтымақтастық үлгілерін, сондай-ақ басым тақырыптық трендтерді айқындау. Зерттеуде библиометриялық талдау негізгі әдіс ретінде қолданылды. Деректер SCOPUS деректер қорынан “corpus linguistics” кілт сөзі арқылы 23 073 құжат табылып, уақыттық сүзгі нәтижесінде (2015-2025) 16 475 құжат жүктеліп алынып, Bibliometrix бағдарламасының нәтижесінде 16 402 ғылыми құжат талдауға енгізілді. Библиографиялық деректер RStudio бағдарламалау ортасында Bibliometrix пакеті мен Biblioshiny интерфейсі арқылы өңделді. Талдау барысында жарияланымдардың жылдық динамикасы, авторлық және елдер арасындағы ынтымақтастық, ең жиі қолданылатын кілт сөздер мен тақырыптық желілер қарастырылды. Зерттеу нәтижелері corpus linguistics саласында соңғы жылдары ғылыми жарияланымдар санының жоғары екенін, халықаралық ынтымақтастықтың біртіндеп кеңейіп келе жатқанын және зерттеу фокусының есептеу лингвистикасы мен тілдік модельдерге қарай бағытталғанын көрсетеді. Бұл зерттеу corpus linguistics саласындағы қазіргі ғылыми үрдістерді жүйелі түрде түсінуге мүмкіндік беріп, болашақ зерттеулер үшін әдіснамалық және мазмұндық негіз қалыптастырады.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ораз A. ., Маликов K. ., & Халикова N. (2026). CORPUS LINGUISTICS КІЛТ СӨЗІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫҢ БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ: SCOPUS ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ (2015–2025). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 155(2). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1272

Most read articles by the same author(s)