Тілдік санадағы этномәдени концептілердің ассоциативтік көрінісі
Қаралымдар: 266 / PDF жүктеулері: 164
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-102-113Кілт сөздер:
Этномәдени концепт, тілдік сана, ассоциативтік эксперимент, ұлттық мәдени код, мағыналық өрісАңдатпа
Мақалада қазақ тіліндегі этномәдени мағыналардың құрылымы мен мазмұны қарастырылды. Зерттеудің мақсаты – қазақ тілдік санасында сақталған этномәдени концепттердің мағыналық өрісін анықтау және олардың атрибуттық, мағыналас және бағалауыштық сипаттамаларын жүйелеу. Міндеттері: ассоциативтік эксперимент жүргізу арқылы респонденттердің ойындағы сөздерге байланысты алғашқы ассоциацияларды жинақтау, алынған деректерді жиілік пен пайыздық үлес тұрғысынан талдау, әрбір этномәдени концепттің мәдени-символдық мәнін ашу және тілдік санадағы позитивті және негативті бағалауыштық реңктерін анықтау болды. Зерттеу 2025 жылдың ақпан айында 150 респонденттің қатысуымен жүргізіліп, 12 этномәдени ұғымға қатысты ассоциациялар талданды. Нәтижесінде қазақ тіліндегі этномәдени концепттердің көпқырлы мағынасы, ұлттық тарихи жады мен рухани құндылықтармен байланысы айқындалды. Сонымен қатар, зерттеу қазақ тілінің этномәдени жүйесін терең түсінуге және ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісін ғылыми тұрғыдан жүйелеуге ықпал ететін деректерді ұсынды. Жалпы, бұл зерттеу нәтижелері қазақ жастарының тілдік санасында этномәдени концепттердің берік сақталғанын, олардың символдық, тарихи және құндылықтық мәнінің әлі де өзектілігін көрсетті. Ассоциативтік әдіс ұлттық дүниетанымның құрылымын ашуда тиімді құрал екенін дәлелдеді. Бұл зерттеудің нәтижелері этнолингвистикалық, психолингвистикалық және мәдениеттанулық зерттеулер үшін құнды дереккөз бола алады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




