Мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға арналған инновациялық жобалау тапсырмалары
Қаралымдар: 490 / PDF жүктеулері: 218
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-232-250Кілт сөздер:
жобалық тапсырмалар, шет тілі, мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілік, білім беру, трансұлттық білім беру, зерттеу дағдылары, мәдениетаралық оқыту.Аңдатпа
Мақала 9-сынып оқушыларының мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін шет тілін оқытуда жобалық тапсырмалардың инновациялық түрлерін пайдалануды зерттеуге арналған. Жұмыста келесі әдістер қолданылды:
мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілік пен жобалық тапсырмаларды анықтау үшін әдебиеттерді шолу, 9-сынып оқушыларының сауалнамасы мен тестілеу, бақылау, статистикалық есептеулер. Мақаланың негізгі бөлімінде мәдени ерекшеліктерді зерделеу, стереотиптер мен жаңсақ пікірлерді жеңу, сондай-ақ басқа елдердің өкілдерімен тиімді
әрекеттесу қабілетін дамытуға арналған тапсырмаларды қоса алғанда, шетелдік көркем әдебиет мысалында жобалық тапсырмаларды пайдалана отырып, мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті қалыптастырудың инновациялық тәсілдері қарастырылады. Үш кезеңді инновациялық жоба тапсырмаларының мысалдары ағылшын тілінде қысқаша әңгімелерді оқуға үйрету мысалында келтірілген. Зерттеу нәтижесінде ағылшын әдебиетін оқу үлгісін пайдалана отырып, инновациялық жобалық тапсырмаларды қолданудың шығармашылық ойлауды, топтық жұмысты, коммуникативті дағдыларды және сыни тұрғыдан ойлауды дамыту сияқты тиімді жақтары талданды. Қорытындылай келе, нәтижелер шығарылып, студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін шет тілін оқытуда
жобалық тапсырмаларды қолданудың маңыздылығы атап өтілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




