Қытайда қазақ тілінің қолданылуы: мәселелер мен зерттеу перспективалары
Қаралымдар: 72 / PDF жүктеулері: 38
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-124-3-59-68Кілт сөздер:
жаһандану, тіл саясаты, этникалық қазақтар, этникалық аз ұлттардың тілдік жағдайы, қазақ тілінің мәртебесі, тілдік ерекшеліктерАңдатпа
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі мәртебесіне ие болды. Қазақстан экономика, саясат және мәдениет салаларындағы халықаралық қатынастарды орнатып, мықты тіл саясатын жүргізіп отырған ел болып қалыптасты. Қазіргі
уақытта қазақ тілі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар оның шекарасынан тыс жерлерде де
қолданысқа ие. Этникалық қазақтардың ең көп шоғырланған жері Қытай. ҚХР-да қазақ тілі аз ұлттар тілінің бірі болып саналады. ХХІ ғасырда жаһандану дәуірінде әлемдегі проблемалардың бірі аз
ұлттардың тілдеріне жойылу қаупінің төнуі. Қазақ тілінің әлеуметтік лингвистикалық жағдайын аз
ұлттардың тілдері тұрғысынан зерттеу маңызды. Тілдердің жойылуының негізгі себептері жаһанданудың технологиялық, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси үрдістерінің салдары болып
табылады. Қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың өзекті міндеті қазақ тілінің нұсқаларын және
оның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылуын зерттеу болып табылады.