Миф пен поэзиядағы «от» метакоды
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
миф, поэзия, таңба, архетип, от, метакод, символАңдатпа
Мақалада мифология мен поэзиядағы метакод туралы түсініктер мен тұжырымдар зерделеу нысанына алынып, жекелеген метакод сөздер, атап айтқанда «от» метакоды талданады. Жаңа парадигмаларға сәйкес жүргізілген бұрынғы және бүгінгі зерттеулерді қатар қамту арқылы мәдени код ұғымына терең үңіліп, адамзат қауымының ойлау деңгейіндегі алғашқы түсінік-ұғымдарды саралау, мифтік таным арқылы санаға орныққан «от» метакодының көркемдік-эстетикалық қызметін анықтау – бұл зерттеудегі басты мақсат. Осы тұрғыдан келгенде бұл ұғымның қазақ фольклорының түп-тамыры боп саналатын түркі мифтері мен оның бүгінгі қазақ классикалық әдебиетіндегі интерпретациясын зерттеп, әлем әдебиетінің үлгілерімен салыстыру барысында ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау қажеттігі басым екендігі ескерілді. «От» ұғымын метакод ретінде қарастырып, оның әлем мифологиясындағы орны мен классикалық шығармалардағы функциясын көрсетуде поэзия туындылары талданады. Метакод ретінде қалыптасқан ұғымның әдеби-көркем туындылардағы бейнелеу құралы ретіндегі қолданысы зерделенеді. ХХ-ХХІ ғасыр тоғысындағы классикалық поэзия үлгілерін негізге ала отырып жүргізілген зерделеуде «от» метакодының қолданысы мифтік таныммен салыстыра қарастырылып, ақындар бейнелеуіндегі мәні ғылыми негізде сараланады. Бұл талдаулар тиісінше ғылыми-теориялық пайымдармен бекітіледі. Миф пен поэзиядағы «от» метакодының танымдық-эстетикалық, көркемдік-бейнелілік қызметін айқындаған талдаулар нәтижесінде ғылыми тұжырымдар жасалады.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




