Мифтік кеңістіктегі адамзат пен пері-зат байланысы және оның көркем әдебиетте бейнеленуі


Қаралымдар: 17 / PDF жүктеулері: 23

Авторлар

  • Ж.Ә. Аймұхамбет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-30-37

Кілт сөздер:

миф, фольклор, пері, эльф, аққу, ғажайып мекен, өмір тостағы

Аңдатпа

Мақалада мифологиялық дәуірге тән пері тектес кейіпкерлердің адамзатпен байланысына қатысты мотивтер талдау нысанына алынған. Ұлттық дүниетанымдағы перілер образы
мен әлем мифтеріндегі эльф, нимфа, сида, т.б. салыстырыла келе, олардың адам тағдырына қатысы,
тылсым сипаттары талданады. Перілер туралы мифтердің фольклор шығармаларына арқау болып,
дәстүрлі мотивке айналғанына назар аударылады. Сонымен бірге ерекше тағдырлы өнер иелерінің
тылсым әлеммен, ондағы тіршілік иелерімен байланысы тек фольклорда қалып қоймай, көркем әдебиет жанрларына тақырып болғаны мысалдармен көрсетіледі. Перілер туралы мотивтердің хикаяның өзегіне ғана айналып қоймай, ертегілер мен әпсаналардың да құрылымындағы тұрақты мотив
болғаны айтылады. Адамдар әлемінен өзге әлемге кетіп қалған, өмірлерін сол жақта жалғастырған
кейіпкерлер туралы да қарастырылады. Бұл талдаулардың соңында перілердің адамзаттың ізгілік
мұраттарын жүзеге асыруына жәрдемші сипатта түсіндірілгені туралы ой тұжырымдалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аймұхамбет, Ж. (2018). Мифтік кеңістіктегі адамзат пен пері-зат байланысы және оның көркем әдебиетте бейнеленуі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 123(2), 30–37. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-30-37

Журналдың саны

Бөлім

Статьи