Аударманың теориялық түсініктері мен модельдері: мәні, қызметі, түрлері
Қаралымдар: 294 / PDF жүктеулері: 597
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-139-2-151-159Кілт сөздер:
аударма теориясы, түпнұсқа мәтіні, аударма моделі, аудармадағы «ығысулар», баламалы аударма, аударма тіліАңдатпа
Мақалада аударманың мәніне шетелдік аудармашылардың пікір-пайымдарына қысқаша салыстырмалы шолу жасалды. Аударма үдерісіне ден қойылып, аударманың әртүрлі модельдері көрсетілді. Дәстүрлі және заманауи көзқарастар тарапынан аударма моделі ұғымы талданды. ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейін бүкіл әлем бойынша аударма саласына үш негізгі себептерімен назарға алынды: тарихи, теориялық және прагматикалық. Мақала авторлары аударманың түпнұсқаға мүмкіндігінше сәйкес болатын оңтайлы аударма моделін талдауға және табуға талпынды. Зерттеу жұмысы жазбаша аудармаға бағытталған. Мақалада талқыланатын негізгі ұғымдар - «баламалылық», «мәтін баламасы», «аударма моделі». Авторлар терминологиялық айырмашылықтардың астарында теориялық бағдар мен әдістемелік тәсілдерде белгілі бір айырмашылықтар бар деген пікірде. Осының негізінде аударманың методологиялық және эпистемалық мүмкіндіктері туралы қорытынды жасау керек болатын бірнеше қағида ережелер тұжырымдалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




