Құрылыс және сәулет саласындағы будан атаулардың жасалу жолдары
Қаралымдар: 388 / PDF жүктеулері: 216
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-95-105Кілт сөздер:
құрылыс терминологиясы, сәулет, будан, кірме сөздер, лексикалық бірліктер, калька, қазақ тілі, сөзжасамАңдатпа
Басқа тілден ана тілге сөздердің енуі және кей жағдайда оларды кейбір жолмен аударып алу арқылы қабылдаушы тілдің сөздік құрамын толықтырып байытады. Кеңес үкіметі дәуірінде түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің лексикасы орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа
шет тілдерден енген сөздермен толығып, оның қолданыс аумағы кеңіді. Белгілі бір тілдің сөздік тілдің ішкі мүмкіндіктерінің есесінен, бұрыннан бар сөздерден туынды сөздер жасаудың есесінен дамып байыса, сонымен қатар басқа тілдерден жаңа сөздердің енуі арқылы да толығып отырады.
Мақаланың негізгі мақсаты қазіргі қазақ тіліндегі құрылыс және сәулет саласындағы будан терминдердің жасалу жолдарын зерттеу, олардың тілдік сипатын анықтау, грамматикалық құрылысына талдау жасау және құрылыс саласында пайда болуының себептері мен заңдылықтарын анықтау. Зерттеудің міндеттеріне материалдарды іріктеу, дереккөздерді анықтау, кірме сөздердің қазақ тіліне ену уақыты, олардың семантикасы, сонымен қатар шет тіліндегі терминологиялық бірліктердің типологиясын құруды жатқызамыз. Зерттеу материалдары ретінде құрылыс саласындағы кәсіби мәтіндер, энциклопедия материалдары, коммерциялық каталогтар және терминологиялық сөздіктер мен
стандарттар негіз болды. Кірме сөздердің қазақ тіліне ену көздері анықталып, шет тілдік номинациялардың типологиясы ұсынылды. Мақалада лексикалық, морфемдік, синтаксистік және семантикалық
кірме сөздер ерекшеленген. Сонымен қоса аталған будан лексикалық бірліктердің кәсіби интернет коммуникациясында қызмет ету мысалдары келтірілген.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




