Балалар оқылымы қазіргі заманғы медиа кеңістік контексінде
Қаралымдар: 344 / PDF жүктеулері: 281
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-203-216Кілт сөздер:
балалар мен жасөспірімдер оқуы, медиа кеңістігі, цифрлық дәуір, эксперименттік бөлім, әлеуметтік-мәдени сауалнамаАңдатпа
Балалар оқуының қазіргі заманғы міндеттері мен функциялары олардың қоғам өмірінің мәдени саласының маңызды бөлігі ретінде балаларға арналған медиа кеңістікпен, соның ішінде балалар қозғалысымен өзара байланысын айқындады. Аталған зерттеудің мақсаты оқу үдерісіндегі маңызды заманауи ресурс ретінде медиа кеңістік саласындағы балалар оқуын өзектендіру болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мақалада медиа кеңістік ұғымының мәні ашылады, терминнің қазіргі заманғы ғылыми оқылымда қолданылуының заңдылығын анықтауға мүмкіндік беретін оның тарихы туралы қысқаша анықтама ұсынылады. Медиа кеңістік ұғымын ашудың ғылыми тәсілдеріне қысқаша шолу жасалды. Аталған мақала авторларының назарында медиа кеңістігі саласындағы балалар оқуын оның дамуының белгілі бір кезеңінде вербализациялау проблемасы тұр. Осыған байланысты балалар мен жасөспiрiмдердi оқудың қағаз және сандық нысандарының белгiленген арақатынасы негiзiнде сандық дәуiрде балалар мен жасөспiрiмдердi оқудың артықшылықтары талданады. Қазіргі заманғы оқушылардың оқырмандық белсенділігі мен артықшылықтарының ерекшеліктерін зерттеу процесінде авторлар медиа кеңістік шеңберінде балалардың оқырмандық қабілеттілігінің ерекшеліктерін теориялық-эмпирикалық зерттеуді: сауалнама жүргізу әдісі, фокус-топ және жеке құрылымдалған сұхбатты қабылдады. Алынған
нәтижелерге сандық-сапалық талдау жүргізілді. Пилоттық жобаға Алматы қаласы мен Астана қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 10-15 жастағы оқушылары қатысты.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




