Мифтік символдардың көркем мәтіннің танымдық қабатын қалыптастырудағы рөлі
Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 111
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-228-237Кілт сөздер:
мифтік символ, семиотика, танымдық қабат, көркем мәтін теориясы, символика, мифтік санаАңдатпа
Мақалада көркем мәтінде қолданыс табатын символдардың мифтік белгілеріне зер салынып, олардың көркем мәтіннің танымдық қабатын қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Көркем мәтін формалық
және мазмұндық бөліктерден тұратыны белгілі. Мазмұндық бөлік белгілі бір танымдық қабаттарды қалыптастырады. Оқырман көркем мәтінді оқу барысында ақпараттарға қанығып қана қоймайды, қандай да бір танымдық үдеріске жалғанады. Сондықтан көркем мәтінді семиотикалық жүйе деп түсіну мәтін астарындағы танымдық ақапараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай танымдық қабатты қалыптастыруда семиотикалық белгілердің, соның
ішінде символдық бейнелеулердің алатын орны ерекше. Сондықтан зерттеу
жұмысында көркем мәтін құрамында кездесетін мифтік санамен астасып, автор
танымымен жалғасқан мифологиялық символдау құбылыстарына зер салынады.
Нақтылы көркем әдебиет мәтіндерінен мысалдар келтіріп, зерттеу мақсатына
орай сәйкестендірілді.
Зерттеудің мақсаты – көркем мәтіннің танымдық қабатын қалыптастырудағы
мифтік символдардың рөлін саралау. Ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық
мифтік ойлау мен мифтік сана деңгейі ұлт қаламгерлерінің көркем ойлау, сөйлеу жүйесіне еніп, көркем мәтіндерден көрініс беріп отырады. Сол себепті көркем мәтін астарындағы, танымдық қабатындағы мифтік символдардың семиотикалық жүйені құруға әсеріне назар салу – мәтінді толық түсінуге, оқырман қабылдауына қалай әсер ететіне талдау жасауға мүмкіндік береді. Зерттеу
барысында теориялық жинақтау, саралау, салыстыру әдістерімен семиотикалық,
символдық, концептілік, семантикалық талдау әдістері қолданылады. Көркем
мәтін құрамындағы мифологиялық кодтарды шешу үшін семиотикалық
талдау әдісі көп нәтиже береді. Зерттеу нәтижесінде көркем мәтіннің танымдық
қабатын қалыптастырудағы мифтік символдардың маңызы айқындалып, мифтік
символиканың көркем мәтіннің мазмұндық бөлігіне әсері айқындалады.