Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» әнгімесінде сезім мен эмоцияны табиғат суреті арқылы жеткізу
Қаралымдар: 334 / PDF жүктеулері: 204
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-137-146Кілт сөздер:
Сәкен Жүнісов, сезім, эмоция, сезімді білдірудің лексикалық құралдары, табиғатты суреттеу арқылы эмоционалдық күйАңдатпа
Соңғы онжылдықтарда эмотиология дәстүрлі тіл білімінің басым бағыттарының
бірі мәртебесіне ие болды. Семантикалық және коммуникативтік контексттің қалыптасуында эмоцияны білдіру құралдарын меңгеру және шығарма авторының мазмұнда грамматикалық
және лексикалық бірлік арқылы көрініс таба алатын имплицитті эмоционалды мағыналарды бере білуі шешуші рөл атқарады. Мақалада Сәкен Жүнісовтің «Тропа» шығармасыңдағы кейіпкерлердің сезімдері мен эмоцияларын вербализациялауда қолданылған стильдік
тәсілдер мен лексикалық құралдар талданады. Адамның эмоционалдық күйі мен табиғат құбылыстарын суреттеу арасындағы байланыс ашылады. Талдау барысында кейіпкерлердің сезімдері мен эмоцияларын вербализациялау эмоционалдық коннотациялары бар лексикалық бірліктерді, метафорациялау тәсілдерін, қайталауларды және түс схемаларын қолдану арқылы жүзеге асырылатыны анықталды. Шығармадағы пейзаждық эскиздер шығарманың орталық
тақырыбы - XX ғасырдың 30-жылдарындағы Қазақстандағы ұжымдастыруға байланысты
жағымсыз сезімдердің басым болуымен сипатталады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




