Серікбол Қондыбай негіздеген «теңіз жылқыларының» түркілік генезисі (Маңғыстау сакралды мәтіндері негізінде)
Қаралымдар: 294 / PDF жүктеулері: 313
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-145-4-87-98Кілт сөздер:
Серікбол Қондыбай, суын айғыр, хаос, өмір ағашы, құрбандық, тұмар, қоңырауАңдатпа
Маңғыстау сакралды мәтіндерінде (петроглифтер, эпитафиялар, жыраулық мәтіндер) жылқы бейнесі ерекше орын алады. Каспий маңын мекендеген халықтардың фольклорында «теңіз жылқысы» туралы мифологиялық түсінік бар. Жыраулар тілінде судан шығатын «суын айғыр» жүйріктіктің символы ретінде образға алынады.
Мақалада қазақтың өлкетанушы, географ, этнограф, мифтанушы ғалымы Серікбол Қондыбайдың түркі мифологиясындағы «теңіз жылқысына» қатысты зерттеулері қарастырылды. Серікбол Қондыбай қазақ тіліндегі «ерттеу» сөзінің түбірін «ерт» тұлғасымен байланыстырып, оның бастапқы мәні «рет, тәртіп» мағынасын берген дейді. Жылқыны ерттеу – тағы жылқыны қолға үйрету, сол арқылы хаостан космосқа өту деген ой айтады. Осы мақалада Серікболдың пікірі этногафиялық, археологиялық, фольклорлық зерттеу деректерімен толықтырылып, талдау жасалды. Жылқы культінің түркілік генезисі туралы С.Қондыбайдың тарихи-лингвистикалық, танымдық-фольклорлық зерттеулерін толықтыра түсетін ғылыми ақпараттар берілді. Зерттеу нәтижесінде «жылқыны қолға үйрету – адамзат өркениетінің бастамасы» деген қорытынды пікір ұсынылды.
Мақалаға деректік материал ретінде ҚР БҒМ гранты бойынша «AP08856996 Маңғыстау аймағындағы сакралды мәтіндердің концептуалды кеңістігі (жыраулық мәтіндер, эпитафиялық жазба мәтіндері, петроглифтер)» ғылыми жобасы аясында 2020-2022 жылдары ұйымдастырылған далалық экспедиция материалдары пайдаланылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




