Timeline теориялық материалды цифрлық ұсыну құралы ретінде
Қаралымдар: 255 / PDF жүктеулері: 451
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-136-3-148-162Кілт сөздер:
онлайн бағдарлама, Timeline технологиясы, уәждеме, шет тілі оқытуАңдатпа
Мақалада тілдік мамандықтар студенттеріне арналған «Ағылшын тілінің
тарихы» немесе «Лингвистикалық және аймақтану» теориялық курсының материалында
инновациялық онлайн-технологияны қолдану туралы айтылады. Қазіргі заманғы студенттерге
теориялық курстарды оқу барысы кезінде мәдени және тарихи контекстті түсінуге, тарихи және тілдік құбылыстардың, әлеуметтік және мәдени оқиғалардың себеп-салдарлық байланыстарын
орнатуға байланысты тапсырмалар қиындық туғызады. Timeline технологиясы немесе уақыт
шкаласы- бұл хронологиялық тәртіпте болған оқиғалар ретін сипаттау. Бұл мақалада уақыт
шкаласы технологиясын сабақта қолданудың әдістемесі, уақыт шкаласын құрудан бастап, оны
оқу процесінде тексеруге дейін сипатталған. Сонымен қатар мысалдар келтіріліп, moodle.enu.kz
платформасын қолдану арқылы 2 курс студенттерінің теориялық білімдерін жетілдіру тиімділігі
жайында толықтай сипатталған. Курс соңында осы платформада сауалнама жүргізіліп,
Tаймлайн технологиясы теориялық материалды қызықсыз баяндау, бұрыңғы ағылшын кезеңінің
шынайы мәтінін қабылдаудағы қиындықтар сияқты мәселелерді тиімді шешуге ықпал ететіндігі
анықталды, сонымен қатар шет тілдерін шығармашылық-танымдық және коммуникативті
оқытуға бағытталған қашықтықтан оқытудың талаптарына жауап береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




