Абай өлеңдері метопоэтика парадигмасында
Қаралымдар: 341 / PDF жүктеулері: 323
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-136-3-84-93Кілт сөздер:
метапоэтика, поэтология, эстетика, шығармашылық, сыни пайым, шабыт, ой мен сезімАңдатпа
Мақалада Абайдың ақындық болмысы мен суреткерлік шеберлігі, шығармашыл
тұлға ретіндегі даралығы метапоэтика парадигмасында қарастырылады.
Метапоэтиканың негізгі зерттеу бағыты көркем шығармашылық табиғаты, суреткердің
шеберлігі, көркем туындының поэтикалық тілі екендігі әдебиеттанушы ғалымдардың
тұжырымдарына сүйене отырып зерделенеді. Шығармашыл тұлғаны мәтін ішінен іздеуге,
сөйтіп оның өзіндік болмысын айқындауға негізделетін метапоэтикалық талдау тың
тұжырымдарға жол ашатыны белгілі. Осы мақсатта Абайдың ақындық болмысын,
суреткерлік табиғатын, эстетикалық пайымын таныту үшін өлең мәтіндеріне
талдаулар жасалды. Ақынның сөз өнерінің мәні, қызметі, рухани-мәдени танымдағы орны
туралы ойын арқау еткен өлеңдерін мысалға ала отырып, оларды «поэтологиялық өлең»,
«өлеңдегі теория»,
«теориялық өлең» ұғымдарымен сипаттау ұсынылады. Өлең мәтіндерін талдау
барысында суреткер табиғатын айшықтайтын шығармашылық үдеріс, шабыт, ой мен
сезім тоғысы, эмоция мәселелері айтылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




