Қолданбалы геометриялық «өлшем», «мөлшер» атауларының этнолингвистикалық сипаты
Қаралымдар: 332 / PDF жүктеулері: 412
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-55-66Кілт сөздер:
өлшем, мөлшер, қашықтық, ұзындық, көлем, аудан, кеңістік, қолданбалы геометрия терминдерАңдатпа
Мақала қолданбалы геометрия саласындағы ұлттық болмысымыз бен руханиятынымызды танытатын терминдерді түсіндіру және жасалу жолын анықтау
мәселелеріне арналады. Зерттеуде қолданбалы геометрия терминдеріне қатысты ұзындық, арақашықтық, көлем, кеңестік өлшем бірліктерінің этнолингвистикалық, семантикалық табиғаты қарастырылады. «Ғылым тілі» ұғымына ұлттық көзқарасты
қалыптастыру мақсатында және қазіргі қолданбалы геометрия терминдердің ішіндегі
“өлшем”, “мөлшер” ұғымдарына қатысты атаулардың шығу төркініне, этнолингвистикалық мәніне, мағынасына, тілдің даму барысындағы қолданылу аясына тоқталып
талдау осы зерттеу жұмысының негізгі міндеті болып табылады. Осыған байланысты
өлшемдік ұғымды білдіретін атауларға қазақ халқының танымымен байланыстыра
отырып, түсініктеме беріледі.
Зерттеу жұмысының мақсаты - қолданбалы геометрияның өлшемдік ұғымды білдіретін атауларының (ұзындық, арақашықтық, көлем, кеңістік, қалыңдық, тереңдік,
биіктік, т.б.) этнолингвистикалық сипатын халық ауыз әдебиеті, шетелдік және қазақстандық ғалымдардың лингвистикалық, этнографиялық жұмыстары, түрлі сөздіктер мен ғылыми зерттеулер деректері негізінде талдау, сонымен қатар орыс және ағылшын тілдерімен салғастыра зерттеу болып табылады.
Зерттеу нысанына алынған терминдердің этимологиялық қырлары сараланып, этнология, мәдениеттану, когнитологиялық бірліктер аясында талданады. Авторлар “мөлшер, “өлшем” ұғымдары - сананы ұлттық болмыспен байланыстырушы арна деп санайды. Әлемді “өлшем” “мөлшер” ұғымы аясында таныту тілдік бірліктердің рухани
кеңістіктегі мәдени код ретіндегі қызметін айқындайды.
Мақаланы жазу барысында тақырыптың ерекшілігіне және мақсатына сәйкес салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы, когнитивтік, этнолингвистикалық талдау әдістері
қолданылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




