Жарнамалық мәтіндердегі гендерлік бағдарланған лексика
Қаралымдар: 448 / PDF жүктеулері: 382
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-59-66Аңдатпа
Мақалада жарнамалық мәтіндердегі гендерлік бағдарды білдірудің лексикалық құралдары қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі жарнамалық ұрандардағы гендерлік ерекшеліктерді ескеру қажеттілігімен байланысты, бұл нақты прагматикалық әсер етуге және жарнамалық коммуникацияны тиімді құруға ықпал етеді. Зерттеу танымал "Maxim", "Cosmopolitan"журналдарының жарнамасында ұсынылған мәтіндер материалына негізделген. Мақалада гендерлік бағыттағы лексикалық құралдарды көрсететін жарнамалық мәтіндердің мысалдары қарастырылады, бұл жарнамалық мәтіндегі гендерді білдірудің лексикалық құралдарына жарнамалық науқанның белгілі бір мақсатты аудиторияға бағдарлануына ықпал ететін адресаттың жынысын көрсететін лексиканы жатқызуға болады деген тұжырымды растайды. Мақалада сандық және пайыздық талдау келтірілген мысалы, әйелдер аудиториясына арналған жарнамаларда үстеулер әлдеқайда жиі кездесетіні айқын көрсетілген. Жарнама мәтіндерінде етістіктерді ерлер де, әйелдер де жарнамасы үшін пайдалану басымдылық болып табылады, өйткені негізгі мағыналық жүктеме олар арқылы көрінеді. Дегенмен, еркектік жарнама мәтіндерінде етістіктер басым болады, бұл ер адамның шешуші әрекетке қабілеттілігін көрсетеді. Ол мәнерлі және мағыналы, динамикалық болып келеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




