ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АЛТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҮЙ-ЖАЙ ЛЕКСИКАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

үй-жай лексикасы, тұрмыстық лексика, салыстырмалы лингвистика, лексика-семантикалық талдау, лингвомәдениеттану

Аңдатпа

Мақалада қазақ және алтай тілдеріндегі үй-жай атауларымен байланысты тұрмыстық  лексика салыстырмалы-лингвистикалық аспектіде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – екі туыстас тілдегі үй-жайға қатысты атаулардың тарихи негізін, семантикалық құрылымын және лингвомәдени мазмұнын анықтау. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, лексика-семантикалық, сипаттамалық, жүйелеу және лингвомәдениеттанулық әдістер қолданылды. Эмпирикалық материал ретінде қазақ және алтай тілдерінің түсіндірме, диалектологиялық, этнографиялық сөздіктері мен әртүрлі стильдегі мәтіндер пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде қазақ және алтай тілдеріндегі үй-жай лексикасының ортақ түркілік негізден бастау алатыны, алайда тарихи даму мен мәдени тәжірибеге байланысты екі тілде өзіндік лексика-семантикалық ерекшеліктер қалыптасқаны анықталды. Қазақ тілінде үй лексемасы баспана ұғымының ядролық атауы ретінде көрінсе, алтай тілінде осы ұғымды білдіруде айыл, тура сияқты лексемалардың белсенді қолданылатыны байқалды. Сонымен қатар үй-жай атауларының тек материалдық мәдениетті білдіріп қоймай, этностың дүниетанымын, отбасылық қатынастарын, әлеуметтік құрылымын және кеңістік туралы түсінігін бейнелейтін мәдени код қызметін атқаратыны айқындалды. Мақала нәтижелері түркі тілдеріндегі тұрмыстық лексиканы салыстырмалы тұрғыдан зерттеуге үлес қосып, үй-жай атауларының тарихи-семантикалық эволюциясын әрі қарай кеңірек түркілік материал негізінде қарастыруға негіз болады.

Жарияланды

2026-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бибеков, Қ., Сарекенова, Қ. ., & Оразгалиева, Л. . (2026). ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АЛТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҮЙ-ЖАЙ ЛЕКСИКАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 156(3). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1305

Most read articles by the same author(s)