Аудиодескрипцияны шетел тілдерін оқыту үдерісінде қолдану
Қаралымдар: 338 / PDF жүктеулері: 10
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-305-317Кілт сөздер:
аудиовизуалды аударма, аудиодескрипция, лингводидактикалық тәсіл, субтитрлеу, шет тілі, шығармашылық қабілеттер, коммуникативтік құзыреттілікАңдатпа
Аудиодескрипция аударма аспектісіндегі зерттеу саласы ретінде көру қабілеті төмен адамдарға ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа әлеуметтік қызмет болып табылады. Бұл мақалада аудиодескрипция шет тілдерін оқыту әдісі ретінде қарастырылады, оның тілдік дайындықтағы әдіснамалық және практикалық маңызы талданады. Зерттеудің мақсаты – аудиовизуалды аударманың бір түрі ретінде аудиодескрипцияны шет тілдерін оқыту және шығармашылық қабілеттерді дамыту процесінде тиімді қолдануға болатынын көрсету. Мақала авторлары аудиовизуалды аударманың ерекшеліктерін зерттеп, шет тілдерін оқытудың тиімділігін арттыру үшін аудиодескрипция әдістерін қолдану процесін егжей-тегжейлі сипаттайды. Сонымен қатар, аудиодескрипция білім алушыларға әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларда коммуникативтік міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастырылады. Бұл әдістің қолданылуы оқыту процесінде қарапайым заттарды меңгеруге көмектесіп қана қоймай, студенттердің тілдік дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық ойлауын дамытуға және ақпаратты қабылдау деңгейін арттыруға ықпал етеді. Аудиовизуалды құралдар арқылы аудиодескрипция әдісі білім беру тәжірибесінде инновациялық тәсіл ретінде ұсынылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бұл әдіс шет тілін үйретуде коммуникативтік, когнитивтік және мәдени аспектілерді біріктіруге мүмкіндік береді, оқытудың сапасын арттырады және оқушылардың тілдік белсенділігін қолдайды.
Жүктеулер
Жарияланды
Нұсқалар
- 2026-03-31 (2)
- 2025-09-25 (1)
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




