Реферат жазу дағдысын қалыптастыруда жасанды интеллект мүмкіндіктері
Қаралымдар: 132 / PDF жүктеулері: 107
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-311-327Кілт сөздер:
жасанды интеллект, реферат, академиялық сауаттылық, ақпараттық технологиялар, терминология, ғылыми коммуникация, инновацияАңдатпа
Мақалада жасанды интеллектіні (ЖИ) оқу үдерісіне интеграциялау арқылы оқушылардың реферат жазу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың академиялық сауаттылығын арттыру маңызды міндеттердің бірі. Соның ішінде реферат жазу дағдысы – зерттеушілік қабілетті, сыни ойлауды, ақпаратпен жұмыс істеуді және ғылыми стильде жазуды талап ететін күрделі үдеріс. Бұл дағдыларды қалыптастыруда дәстүрлі әдістермен қатар, жаңа цифрлық құралдарды, әсіресе жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Жасанды интеллект оқушыларға ақпаратты іздеу, талдау, құрылымдау, терминдерді дұрыс қолдану және академиялық талаптарға сай мәтін құрастыруда әдістемелік қолдау көрсете алады.
Мақалада жасанды интеллект пен цифрлық құрылғылардың білім беру үдерісіндегі тиімділігі талданып, олардың оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттыру жолдары көрсетіледі. Мақаланың негізгі мақсаты – жасанды интеллектінің көмегімен оқушылардың реферат жазу дағдыларын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау. Бұл мақалада жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының зерттеу жұмыстарын жүргізу және академиялық сауаттылықты қалыптастырудағы рөлі айқындалады. Мақалада цифрлық технологияларды реферат жазуда қолданылуының практикалық маңыздылығы ашылып, тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Зерттеу барысында жасанды интеллект арқылы академиялық жазылымды қалыптастырудың әлемдік тәжірибесі мен жасанды интеллектінің Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі түсінігі талданды. Оқушылардың академиялық сауаттылығын қалыптастыруға септігін тигізетін жасанды интеллект ресурстары жинақталып, олардың тиімділігі айқындалады. Мақала білім алушылардың сыни ойлауын, ақпараттық сауаттылығын және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы жасанды интеллектінің әлеуетін ашуға бағытталған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




