Қазіргі қазақ тілінің лексикасын зерттеудегі тарихи-салыстырмалы көзқарас


Қаралымдар: 0

Авторлар

  • Т.Б. Токболатова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0009-0004-7711-517X
  • Б.Т. Тасполатов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6480-2155
  • С.Р. Боранбаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5596-737X

Кілт сөздер:

Этногенез, қыпшақ антропонимдері, тілдік қатынас, тарихи сабақтастық, лингвистикалық бағыт, ескі қыпшақ тілі, жазба жәдігерліктер

Аңдатпа

Мақалада соңғы жылдары бұл мәселеге ерекше назар аударылып, белгілі бір тілдің тарихи қалыптасу жүйесіне тікелей қатысты ежелгі дәуірлер мен ортағасырлық жазба ескерткіштердің тілдік деректері қазіргі тілдердің күнделікті өмірінде қолданылатын материалдармен салыстырылатындығы баса айтылған.

Бүгінгі күні тілді қатынас құралы ретінде ғана емес, сол тілде сөйлеуші халықтың тарихы мен, сондай-ақ дүниетанымымен байланыстыра қарап, ғылыми түрде зерттеудің белең алып отырғаны белгілі. Бұл мәселе айналасындағы зертеу жұмыстарындағы белсенділік тек тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары сезіле бастады. Тіл тарихында салыстырмалы және антропоцентристік парадигмаларды байланыстыра зерттеу проблемалы мәселелердің қатарына еніп отыр. Кез-келген тілдің тарихы сол халықтың тарихымен тығыз байланысты болатындықтан, бір немесе тілдер тобының глоттогенезін анықтау үшін, оның этногенез мәселесімен терең байланыста екендігін ұмытпағанымыз жөн. Қандай бір этнос болмасын оның дүниетанымы мен мәдениеті міндетті түрде тілден көрініс беруі заңды құбылыс. Мұндай өзекті мәселелерді синхрондық тұрғыдан шешуге талпынғанымызбен, мағынасы күңгірттеніп, қолданыстан шығып қалған сөз тіркстерін қалпына келтіруде жазба ескерткіштердің орны ерекше. Тілдік деректерге сүйене отырып,  қазіргі туыстас тілдердің төркіндестігі мен этномәдени ортақтығы мен тарихи сабақтастығын анынқтаудың маңызы ерекше болмақ.

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Токболатова, Т., Тасполатов, Б. ., & Боранбаев, С. (2026). Қазіргі қазақ тілінің лексикасын зерттеудегі тарихи-салыстырмалы көзқарас. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 154(1). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1189