Қазақ тіліндегі онимдердің номинациялық және реноминациялық ұстанымдары


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

ономастика, номинация, реноминация, оним, тіл саясаты, ұлттық бірегейлік, стандарттау

Аңдатпа

Ономастика тіл білімінің бір саласы ретінде тілдің, мәдениеттің және ұлттық бірегейліктің эволюциясын бейнелейді. Қазақстанда ономастикалық атауларды номинациялау және реноминациялау үдерістері тарихи өзгерістер мен дәстүрлі топонимдер мен антропонимдерді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік саясат аясында өзектілікке ие болды. Мақалада қазақ тіліндегі ономастикалық бірліктерді номинациялау мен реноминациялаудың негізгі ұстанымдары қарастырылады, атау беруге әсер ететін факторлар талданады және елдегі ономастикалық жүйенің өзгеруінің заманауи үрдістері айқындалады. Зерттеу әдістеріне салыстырмалы-тарихи талдау, лингвомәдениеттанымдық тәсіл, сондай-ақ тіл саясатын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды зерттеу жатады. Ерекше назар топонимдер мен антропонимдердің реноминациялау мысалдарына, олардың қоғамдық қабылдауы мен тілдік нормаға әсеріне аударылды. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның ономастикалық жүйесі ұлттық бірегейлікті қалпына келтіруге және атау беру қағидаларын біріздендіруге бағытталған белсенді трансформация үдерісінде екенін көрсетеді. Номинациялау мен реноминациялау үдерістерін реттеудегі тіл саясатының шешуші рөлі анықталды. Мақалада ономастикалық жүйені жетілдіру бойынша халықаралық тәжірибе мен ономастика саласындағы қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, ұсыныстар берілген. Алынған деректер ономастика саласындағы одан әрі зерттеулер үшін, сондай-ақ Қазақстандағы атау беру үдерістерін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін пайдалы болуы мүмкін. Бұл зерттеу ономастиканың лингвомәдени ерекшеліктерін және оның тілдік әлем бейнесіне әсерін зерттеуге үлес қосады.

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алшинбаева, Ж. ., Сатенова, С. ., & Акижанова, Д. . (2026). Қазақ тіліндегі онимдердің номинациялық және реноминациялық ұстанымдары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 154(1). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1088

Most read articles by the same author(s)