«БӘЙТЕРЕК» МИФОФИТОНИМІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ КОННОТАЦИЯСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨРІСІ (ҚАЗАҚ ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІЛЕРІ БОЙЫНША)


Қаралымдар: 11

Авторлар

Кілт сөздер:

лингвомәдени өріс, коннотация, этномәдени коннотация, бәйтерек, мифофитоним, қиял-ғажайып ертегі

Аңдатпа

Мақалада қазақ қиял-ғажайып ертегілеріндегі «бәйтерек» мифофитонимінің этномәдени коннотациясы лингвомәдени өріс тұрғысынан сараланады. Ғылыми зерттеудің мақсаты – «бәйтерек» мифофитонимінің қазақ қиял-ғажайып ертегілеріндегі этномәдени коннотациясының лингвомәдени өрісін зерттеу. Зерттеудің өзектілігі «бәйтерек» мифофитонимінің этномәдени коннотациясын қазақ қиял-ғажайып ертегілері арқылы арнайы зерттеу жұмыстарының болмауымен түсіндіріледі. Мақалада «коннотация», «этномәдени коннотация» терминдерінің шығу және зерттелу тарихы, анықтамалары берілді, қиял-ғажайып ертегілеріндегі «бәйтерек» мифофитонимінің этномәдени ерекшеліктері, тарихи-тілдік контексі, лингвомәдени өрісі анықталып, қазақ ертегілерінен терілген нақты мысалдар негізінде зерделенді. Тақырыпты зерттеу барысында тілдік деректерді жинақтау, жүйелеу, баяндау, талдау, салыстыру әдістері пайдаланылды. Нәтижесінде «бәйтерек» мифофитонимінің этномәдени коннотациясы анықталып, лингвомәдени өрісі құрылды: «Бәйтерек – зәулім ағаш / терек», «Бәйтерек – мықтылық, биіктік, саялы», «Бәйтерек тірек (таяныш, сүйеніш), қорған, пана, ұя», «Бәйтерек жоғары әлем, ортаңғы әлем, төменгі әлемді байланыстырушы дәнекер», «Бәйтерек – ұрпақ сабақтастығы, шежіре». «Бәйтерек» мифофитонимінің этномәдени коннотациясы және оның лингвомәдени өрісінің фольклор тілі тұрғысынан зерттелуі қазақ тіл білімінің лингвофольклортану, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика және т.б. жаңа бағыттарының теориялық және практикалық мәселелерін тереңдете қарастыруға көмектеседі.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жүнісқали, Ә. ., Сыздыкова, Г. ., & Еспекова, Л. . (2026). «БӘЙТЕРЕК» МИФОФИТОНИМІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ КОННОТАЦИЯСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨРІСІ (ҚАЗАҚ ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІЛЕРІ БОЙЫНША). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 155(2). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1086

Most read articles by the same author(s)