Журнал туралы

Құрметті авторлар!

“Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Филология сериясы” ғылыми журналы — филология және сабақтас ғылым салаларындағы сапалы ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған рецензияланатын ашық қолжетімді ғылыми журнал.

Журнал тіл білімі мен әдебиеттану бағытындағы зерттеулердің дамуына қолдау көрсетеді, пәнаралық ғылыми диалогты нығайтады және отандық зерттеулердің әлемдік академиялық кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді.

Басылым ғалымдарға, зерттеушілерге және практик мамандарға филология ғылымдары саласындағы теориялық дамуға және зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануға үлес қосатын түпнұсқа ғылыми мақалаларды жариялау үшін платформа ұсынады.

Журналдың бағыттары: Журнал жалпы және теориялық тіл білімі, қолданбалы лингвистика, социолингвистика, психолингвистика, корпус лингвистикасы және цифрлық гуманитаристика, әдебиеттану (ұлттық және әлем әдебиеті), салыстырмалы әдебиеттану, аударматану және ауызша аударма, терминология, дискурс талдау және прагматика, мәдениетаралық коммуникация, ономастика және тілдік ландшафт зерттеулері, тіл саясаты және көптілділік, тілдерді және әдебиетті оқыту әдістемесі, функционалды грамматика және когнитивтік лингвистика салаларындағы ғылыми мақалалар мен шолу еңбектерін жариялайды. Сонымен қатар, журнал филологияның мәдениеттану, коммуникация теориясы, медиа зерттеулері және цифрлық технологиялармен өзара байланысын қарастыратын пәнаралық зерттеулерді жариялайды.

Тақырыптық секциялар: лингвистика, әдебиеттану, тіл және әдебиеттану оқыту әдістемесі, аударматану.

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Рецензиялау: жасырын қатарлас

Қайта есепке алу туралы куәлік: № KZ53VPY00032637

ISSN (Print) 2616-678X              

ISSN (Online) 2663-1288

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне енгізілген.

CrossRef халықаралық агенттігі журналдың мақалаларына DOI (сандық нысан идентификаторы) тағайындайды. Журналдың DOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X

Меншіктенуші және баспагер: “Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті” КЕАҚ, Астана, Қазақстан Республикасы.

Хабарландырулар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу талаптарының өзгеруі (APA стилі)

2025-08-28

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы журналының редакциясы 2025 жылдың қыркүйегінен бастап журналға ұсынылатын барлық мақалалардағы пайдаланылған әдебиеттер тізімі APA стилі (7-басылым) бойынша ресімделуі тиіс екенін хабарлайды.

 

Толығырақ оқу Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу талаптарының өзгеруі (APA стилі)

Ағымдағы шығарылым

Нөмір 153 № 4 (2025): Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы
					Көрсету  Нөмір 153 № 4 (2025): Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы
Жарияланды: 2025-12-29

Барлық шығарылымдар

Лингвистика

Әдебиеттану

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі

Барлық журнал басылымдарын көрсету