Бифуркация тіл жүйесінің өзін-өзі реттеуші құбылысы ретінде
Қаралымдар: 129 / PDF жүктеулері: 60
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-94-103Кілт сөздер:
бифуркация, синергетика, лингвосинергетика, тілдік жүйе, полисемия, сөз мағынасыАңдатпа
Зерттеу жұмысы синергетика құбылыстарының бірі – бифуркация ұғымына, оның мәні мен атқаратын қызметін анықтауға арналады. Мақаланың басты мақсаты – синергиялық құбылыс түзуші факторлардың бірі бифуркация мәнін ашу. Синергетиканың бифуркация құбылысының жалпы мәнін анықтау, оның лингвистикадағы көрінісін сипаттау және бифуркация ұғымының тілдік айғақтар негізінде жүзеге асатын қызметін талдау арқылы зерттеудің негізгі мақсатына қол жеткізу жоспарлануда. Жалпы білімнің қай саласында болмасын қолданылып жүрген синергетика парадигмасын тіл білімі тұрғысынан да қарастыру (лингвосинергетика) әлемдік тенденцияға айналғанымен, қазақ тіл синергиялық құбылыс түзуші ұғымдарға жекелей талдау жасалған жоқ. Сондықтан да мақала бифуркация терминінің тіл білімінде қолданылу маңызын, қазақ тіліндегі көрінісін нақты мысалдармен, тілдік айғақтармен ашып көрсететін алғашқы жұмыс болмақ. Зерттеудің теориялық қорытындысы жалпы тіл жүйесіндегі, оның ішінде қазақ тілі жүйесінің, оны құраушы тілдік бірліктердің өзгермелі сипатын анықтауда үлес қосса, практикалық мәні коммуникатор мен коммуникант арасындағы тілдік қарым-қатынасты түсінуге, реттеуге, жақсартуға, сондай-ақ олардың лингвистикалық құзыреттіліктерін арттыруға үлес қосары анық. Зерттеу нәтижесі филология факультетінің білім алушыларына дәрістер мен семинарлар, практикалық сабақтар өткізу кезінде қолдану мүмкіндігінен көрінеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




