Лингвоаксиологиялық аспект: ата-ананың тілдік мінез-құлқының бүгінгі сипаты
Қаралымдар: 602 / PDF жүктеулері: 299
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-150-1-8-21Кілт сөздер:
аксиология, лингвоаксиология, ұлттық құндылық, мәдени құндылықтар, ата-ананың тілдік мінез-құлқы, жаһандану процесіАңдатпа
Мақала әлеуметтік-мәдени контекстке сай бейімделіп өзгеретін құндылық ұғымдары қазіргі жаһандану жағдайында тіл арқылы қалай көрініс тауып жатыр және қандай өзгерістер бар деген сұрақтарды қамтиды. Ата-ананың тілдік мінез-құлық мәселесін зерттеудің маңыздылығы мәселе ретінде көтерілді, бұл мәселенің бүгінгі сипатын анықтап, бағалау үшін аксиологияның негізгі аспектілері, соның ішінде тіл мен мәдени құндылықтар арасындағы байланыс қарастырылады, сондай-ақ тілдік бірліктердің ата-ананың дүниетанымының көрсеткіші ретіндегі рөлі мен оның баламен қарым-қатынасты қалыптастыруға әсеріне талдау жасалынады. Көркем шығармалардан алынған мысалдар негізінде қазақ ұлтының бала тәрбиесінде қолданылып келген тәрбие үлгілері берілді. Ол үлгілер бүгінгі тәрбие мен бүгінгі күнге дейінгі тәрбие әдістеріне салыстырмалы талдау жасап, бағалап, бағамдау үшін қажет. Балаларды тәрбиелеудегі осы уақытқа дейін қолданылып келген мотивация үлгілері ұсынылды. Мақалада берілген ассоциациялық талдау қорытындысы да ата-аналар үшін тілдік сигнал бола алады. Әлеуметтік желіден келтірілген мысалдар жастар ұстанымындағы заманауи өзгерістерді көрсетеді. Сонымен қатар, жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде алынған тілдік деректер әлеуметтік мәселелердің ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлінде, отбасылық қарым-қатынаста, бала бойында құндылықтарды қалыптастыруда шешуші орын алатындығына дәлел бола алады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




