Орта ғасырдағы азия ғалымдарының қолданбалы геометрия саласы терминдерінің дамуына қосқан үлесі
Қаралымдар: 318 / PDF жүктеулері: 148
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-70-77Кілт сөздер:
практикалық және теориялық геометрия, сызба геометрия, қолданбалы геометрия, геометриялық терминдер.Аңдатпа
Кез келген ғылымның даму тарихымен танысу оны зерттейтін барлық мамандар үшін маңызды танымдық және тәрбиелік мәнге ие. Қолданбалы (сызба) геометрияның ғылым ретінде пайда болуы мен даму тарихына назар аудара отырып оның қалыптасу негіздеріне жүгіну керек. Қолданбалы геометрия терминдерінің ғылыми жетістіктерінің қарқынды дамуы өткен ғасырлардағы ғылыми зерттеулер мен жаңалықтардың нәтижесі болып табылады. Қолданбалы геометрия саласындағы терминдердің пайда болуы өткендегі егжей-тегжейлі зерттеулерге негізделеді. Бұндай терминдер туралы тарихи мәліметтер көбінесе еуропалық ғалымдардың еңбектерін сипаттаумен шектеліп келді. Кейде Шығыс ғалымдарының көптеген еңгізген терминдері Батыс ғалымдарына әділетсіз жатқызылады немесе кездейсоқ айтылады.
Бұл мақала әл-Фараби, Мұхаммед әл-Хорезми, Омар Хайям, Әбу-р-Райхан әл-Бируни және Орта Азияның басқа да ғалымдарының геометриялық терминдері мұраларының елеулі үлестерін шолуға арналған. Сондай-ақ, белгілі ойшылдар мен ғалымдардың еңбектерінде қолданылған геометриялық терминдердің мән-мағынасын анықтауға бағытталған. Авторлар бұл зерттеуде сызба геометрия ғылымының пайда болуын Гаспар Монждың «Сызба геометрия» кітабына дейін ортағасырлық ғалымдардың еңбектеріндегі жаңадан енгізген терминдерді барынша толық көрсетуді мақсат етіп қойды. Сонымен қатар мақалада қолданбалы (сызба) геометрия терминдерінің қазіргі уақыттағы орны көрсетілген. Қолданбалы (сызба) геометрияның ғылым ретінде пайда болу тарихы қарастырылды. Одан басқа ұлы ойшылдардың берген негізгі геометриялық терминдердің анықтамалары ерекшеленген.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




