Шәкәрім өлеңдеріндегі өмір туралы мақал-мәтелдердің танымдық сипаты
Қаралымдар: 458 / PDF жүктеулері: 180
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-28-40Кілт сөздер:
паремия, мақал-мәтел, афоризм, құндылық, ғаламның тілдік моделі, инвариант, паремиологиялық бірлік.Аңдатпа
Бұл мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі өмір туралы мақал-мәтелдердің танымдық сипаты талданады. Зерттеу тақырыбы халық ауыз әдебиетінің рухани мұрасындағы өнегелі сөздердің авторлық қолданыстағы танымдық, тілдік және мәдени маңыздылығын дәйектеуге бағытталған. Ғылыми зерттеу барысында Шәкәрім өлеңдеріндегі өмір туралы мақал-мәтелдердің адам өміріндегі құндылықтарды насихаттау мен ұлттық дүниетанымдық негіздерді нығайтудағы рөлін анықтау мақсат етіледі. Зерттеуде ақын өлеңдерінде қолданылған мақал-мәтелдердің құрылымы мен мәніне талдау жасалып, олардың әлеуметтік және рухани мәнмәтіндегі орны бағаланады. Зерттеудің ғылыми маңызы Шәкәрім поэзиясындағы мақал-мәтелдердің ұлттық сипатын түсіну мен көркем шығармаларға тілдік таным тұрғысынан жаңа көзқарас қалыптастыруға негізделеді. Ал практикалық маңызы мақал-мәтелдердің қазіргі білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндігін анықтаумен сипатталады. Зерттеу әдістемесі ретінде мәтіндік талдау, салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылды. Жұмыс барысында өлеңдердегі өмір туралы мақал-мәтелдер жүйелі түрде талданып, мағыналық ерекшеліктері мен танымдық мәні анықталды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Шәкәрім өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер өмірдің мәнін ұғындыруға, адамгершілікке, білім мен еңбекке шақыруға бағытталған. Бұл тұжырымдар қазақ халқының рухани құндылықтарын түсінуге үлес қосады және оларды бүгінгі заман қажеттіліктеріне сай бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




