Мәмлүк қыпшақтары тілінде жазылған жазба ескерткіштер және «Байтарату’л-вазих» қолжазбасының маңызы
Қаралымдар: 415 / PDF жүктеулері: 251
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-45-60Кілт сөздер:
мәмлүк-қыпшақ тілі, орта ғасырлық қолжазбалар, тарихи жазба мұралар, «Байтаратү’л-вазих» жазба ескерткіші, атбегілік, ветеринарлық кітап, этникалық топтар.Аңдатпа
Мақалада орта ғасырлық мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған жазба ескерткіштер қарастырылып, соның ішінде «Байтарату’л-вазих» ескерткішіне байланысты мәселелер талданады. Қыпшақ жазба ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тілімен сабақтастығын зерттеу, олардың арасындағы тарихи-генетикалық байланыс пен тарихи даму арналарын анықтауға мүмкіндік туғызады. Мақалада атбегілік пен жылқыға байланысты, әскери өнерге қатысты «Китаб фи рийазати-л-хайл» және «Китаб байтарату-л-вазих», «Муният-ул-гузат», «Китаб фи ғылым ән-нушшаб» атты жазба ескерткіштерге талдау жасалынды. Соның ішінде «Байтарату’л-вазих» жазба ескерткішінің ерекшелігі анықталды. «Байтарату’л-вазих» жазба ескерткіші – атбегілік пен жылқыға байланысты ветеринарлық қызмет туралы еңбек. «Байтарату’л-Вазих» қолжазбасы – ветеринария саласындағы аса маңызды еңбек ретінде қыпшақ тілінің ғылыми лексикасының дамуын, сондай-ақ ортағасырлық қыпшақтардың мәдени-рухани және әлеуметтік өмірін зерттеуге мүмкіндік туғызатын ақпараттардың жиынтығы. Мақалада бұл қолжазбаның құрылымы, мазмұны, тілі және тарихи мәні талданады, сонымен қатар оның қазіргі тіл ғылымы мен мәдениеттану салалары үшін маңызы қарастырылады.
Орта ғасырлық құнды жазба ескерткіштерді зерттеп, оларға лингвистикалық, тарихи тұрғыдан талдаулар жасаудың қазақ ғылымы үшін маңызы үлкен. Мәмлүк қыпшақ тілінде жазылған жазба ескерткіштерді ғылыми айналымға түсіріп, олардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу бүгінгі таңда қазақ тіл білімі ғылымы үшін үлкен міндеттерді алға тартуда. Мақаланың басты мақсаты – мәмлүк қыпшақ тілінде жазылған орта ғасырлық жазба ескерткіштердің қазақ халқы үшін маңыздылығы мен олардың қазақ халқы ғылымы мен мәдениеті үшін орнын айқындау және «Байтарату’л-вазих» атты еңбектің басты ерекшелігін анықтау.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




