Әдеби процестегі экологиялық дағдарыс пен ядролық сынақ зардабы
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 14
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-154-165Кілт сөздер:
әдебиет, экология, полигон, экологиялық дағдарыс, халық трагедиясы, проза, поэзия.Аңдатпа
Мақалада әдеби процестегі экология тақырыбы қарастырылған. Көркем әдебиеттің негізгі нысаны – адам өмірі мен табиғат болып табылады. Экология – адам мен табиғат нәтижесінде болатын мәңгілік процесс. Сондықтан қандай да бір көркем шығармаларда адаммен бірге белгілі бір дәрежеде табиғат та орын алады. Оған халық ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап қазіргі кезең әдебиетіне дейін өз жалғасын тауып келе жатқан экология тақырыбы дәлел бола алады. Тіршілік иесі табиғатпен егіздігін, тепе-теңдікті сақтауда көшпенділер өркениеті бүкіл ғаламдық тұтастыққа негізделгенін дәлелдеп көрсетілді. Жер-су тіршілік көзі ұлттық құндылықтармен тамырлас, уақыттың өзі соның бөлшегі, экологиялық сана – түркі мәдениеті мен өркениетінің бастауы ретінде халқымыздың экологиялық дамуында атамекен, туған жерді қорғау мәдениетін қалыптастыру туралы жан-жақты талданды. Экологиялық мәселелер бойынша іргелі зерттеулер өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастау алады, жалпы ғылымдағы экологиялық қозғалыстардың маңызы мен құндылығы қарастырылды. Талай адамның тағдыры мен қасиетті табиғатымыздың тынысын тарылтқан полигон кесапаты көркем әдебиеттегі көрінісі мысалдармен берілді. Қазақ әдебиетіндегі экология тақырыбына қатысты тарихи шындық пен көркемдік шешім мәселесі айқындалды. Семей полигонына қатысты Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарында көтерілген мәселелер мен аймақтық газет-журналдарда жарық көрген мақалалар тізбегі тақырыптық тұрғыдан мұқият талданды. Сынақ апатының және экологиялық дағдарыстың көркем әдебиеттегі көрінісі, Абыралы, Қарауыл, тіпті көршілес облыстарға тигізген зияны жайлы салыстыра дәйектелді.