Фразеологиялық семантика когнитивтік лингвистика призмасы арқылы
Қаралымдар: 400 / PDF жүктеулері: 401
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-139-2-112-121Кілт сөздер:
жалпы фразеология, когнитивті фразеология, фразеологиялық семантикаАңдатпа
Фразеология бүгінде лингвистиканың өзекті салаларының бірі. Мақалада отандық және шетелдік фразеологияның өзекті мәселелеріне тоқталып, ғылыми нәтижелері талданылады. Салыстырмалы фразеология саласындағы көптеген зерттеулерге қарамастан, фразеологиялық бірліктердің семантикасы когнитивтік фразеологияда жаңа аспектіде зерттеліп одан әрі осы бағытты дамытуға ықпал етеді. Фразеология мен мәдениет сабақтастығының жаңа бағыттарын игеруге мүмкіндік беретін әдістерді енгізу қазіргі фразеологияның лингвомәдениеттану тұрғысынан зерттеудің негізгі міндеттері болып табылады. Әр түрлі тілдердің фразеологизмдеріне салыстырмалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ететін және белгілі бір ұлттық мәдениетке ие фразеологиялық белгілерді құрудың әмбебап және айрықша ерекшеліктерін анықтауға бағытталған әдістерді енгізу өзекті болып отыр. Фразеологиялық бірліктердің семантикалық құрылымы күрделі көп өлшемді конструкция ретінде жан- жақты талдауды талап етеді. Мағынаның көпөлшемділігі көп жағдайда фразеологизмдердің таңбалық қызметі мен семантикалық құрылымның әрбір макрокомпонентінен берілетін ақпараттардың өзара байланысуынан көрінетін олардың семантикасының кешенді сипаты жайлы мәселені шешуді болжайды. Әсіресе, фразеологизация деген атаумен белгілі фразеологизмнің жаңа семантикасы пайда болу процесін зерттеу өзекті болып отыр. Мақалада фразеологизация процесін зерттеуге шолу жасалынып, фразеологияның динамикалық аспектісі көрсетілді және осы процестің негізгі бағыттары жүйеленді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




