Армян жазулы ескерткіш мәтіндерінің ғылыми құндылығы


Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 47

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-60-68

Кілт сөздер:

наука, наследие, средневековье, письменные памятники, текст, армянская графика, пословицы и поговорки

Аңдатпа

Кез келген мемлекеттің дамуында тіл маңызды орын алады, өйткені тіл – ойлаумен, халықтың тарихымен, мәдениетімен, дүниетанымымен тікелей байланыста дамиды. Шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерін пайымдап, орта ғасыр мұраларын тілдік ерекшеліктерге қарай жіктегенде, түркі жазба ескерткіштерінің әр кезеңде түрлі әліпбимен, мәселен, руника, ұйғыр, манихей, брахми, араб, латын, армян, шағатай, кириллицаны қолдану арқылы жазылғанын байқаймыз. Армян жазуын қолдану негізінде де орта ғасырда түркі халықтарының, оның ішінде қыпшақтардың мұрасы әр алуан жанрда жазылып, жазба ескерткіш ретінде біздің дәуірімізге жеткені анықталып отыр. Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде армян жазулы түркі жазба ескерткіштерін зерттеу қажеттілігі айрықша сезіледі.

Қазақ тілінің, қазақ ұлтының бастауларын көне түрк кезеңінде қалыптасып, орта түркі заманында дәуірлеген қыпшақтар қауымдастығынан іздейміз. Орта ғасырда Орталық Еуропадан Солтүстік Қытайға дейінгі территорияны иелік еткен қыпшақтар қауымдастығы, олардың тарихы, тілі, мәдениеті туралы жазылған тарихи-лингвистикалық еңбектер бүгінгі ғылымда қыпшақтану саласының өзекті екенін көрсетті. Бұл сала далалық көшпелі өркениеттің қыпшақтық тарихын, ділін, тілін, этнографиясын, мәдениетін, т.б. қырларын тұтас зерттеуді көздейді, қыпшақ тектес этностардың арғы тегін, түп тамырын бүгінгі қалпымен салыстырып, тарихи жалғастық ізін көрсетуді мақсат етеді. Мақалада неміс ғалымы Адальберт Меркс (Adalbert Merx) тарапынан 1893 жылы жазылған әрі Bayerische Staats Bibliothek Muenchen кітапханасында сақталған «Türkische Sprichwörter» (Түркі мақал-мәтелдері) еңбегі зерттеу нысанына алынып, ескерткіш тіліндегі мақал-мәтелдер армян графикасынан тікелей оқылады, тақырып өзектілігі мен ғылыми құндылығы баяндалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жиембай, Б., & Жиембаева , Г. . (2024). Армян жазулы ескерткіш мәтіндерінің ғылыми құндылығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 148(3), 60–68. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-60-68

Журналдың саны

Бөлім

Лингвистика

Funding data