М.О. Әуезов және түркі әлемі
Қаралымдар: 402 / PDF жүктеулері: 194
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-147-159Кілт сөздер:
фольклор, әдебиет теориясы, эпос поэтикасы, мұра, шығармашылық, қазақ және қырғыз әдебиетіндегі шығармашылық байланыстарАңдатпа
Мақалада М.Әуезовтің шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан түркі мәдениеті мен түркі халықтарына ортақ рухани қазыналарды бүгінгі уақыт талабына сай зерттеу мәселелері сараланады. Мұхтар
Әуезовтің қырғыздың «Манас» эпосы жайында әр жылдары жазған ғылыми
теориялық зерттеулері, қолжазба күйінде қалдырған мол мұралары, эпостың тілдік ерекшеліктері қарастырылады. Көрнекті суреткер, академик М.Әуезов әлемі қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті арналарының бірі болып табылатын көркемдік кеңістікте жаңа көзқарастар, тың сараптамалар, ғылыми теориялық тұжырымдар тұрғысынан талданады. Әдебиеттану ғылымындағы «Мұхтар және Манас» деген ұланғайыр тақырыпты осы күнге дейін тереңдей зерттеп, көрші жатқан екі елдің әдеби шығармашылық
байланысын тереңдей талдаған арнайы зерттелген еңбектер жоқтың қасы.
Тіпті екі елді елдестіріп, ортасына алтын көпір салған Мұхтар Әуезовтің өзге емес, тек «Манасқа» қатысты құнды зерттеулері де тарихи тұрғыдан айтылғаны болмаса әрбір еңбектеріне егжей-тегжейлі аналитикалық
талдаулар жасалып, ондағы ғылыми ойлардың қос елдің руханиятына қатар қосылар құндылығы өз деңгейінде жете зерттеліп, айтылмады. Түркі дүниесіне, мәдениеті, әдебиетіне ортақ М.Әуезовтің ғылыми мұралары өзіндік өрнегімен қайталанбас құбылысқа айналған халық ауыз әдебиеті, ауызша поэзиясы, фольклорлық мұралары түркі халықтарына ортақ рухани құндылықтар ретінде зерделенеді. Зерттеудің негізгі бағыттарына Әуезовтің мәдениетаралық ықпалын, өзге түркі жазушыларымен байланысын, ұлттық,
мәдени диалог туралы идеяларын зерттеу кіреді. Жұмыстың ғылыми, практикалық маңыздылығы Әуезовтің түркі халықтары арасындағы әдеби көпір ретіндегі мәдени мұраларын сақтауға және дамытуға ықпал ететін рөлін түсінуді тереңдету болып табылады.
Зерттеу нәтижелері Әуезовтің шығармашылығы түркі халықтарының
мәдени бірегейлігіне терең әсер етіп, оның қазіргі түркі әдебиеті үшін маңыздылығын көрсетеді. Жұмыстың құндылығы жазушының түркология мен мәдениеттануға қосқан үлесін, мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін айшықтайды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




