М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегіндегі есімшелердің адъективтенген, заттанған тұлғалары
Қаралымдар: 399 / PDF жүктеулері: 399
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-18-28Кілт сөздер:
М.Қашқари, «Диуани лұғат-ит-түрк», етістік, есімше, аадъективация, субстантивация, сөзжасамАңдатпа
Қазақ тілінің қалыптасып, даму тарихын зерттеуде көне, орта түркі ескерткіштерінің алатын орны ерекше. М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегіндегі тілдік тұлғаларды зерттеу, зерделеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл еңбек әдебиет, тарих төңірегінде кеңінен зерттелгенімен, лингвистикалық, қазақ тіл білімі теориясы тұрғысынан толық зерттеліп болған жоқ. Сондықтан бүгінгі мақаламызда М.Қашқари «Сөздігіндегі» есімшелер және олардың адъективтенген, заттанған тұлғалары талданды. Бұл тақырып қазақ тіл білімінде алғаш рет сөз болып отыр.
Мақаланың негізгі мақсаты – орта түркі жазба ескерткіші саналатын М.Қашқаридің «Сөздігіндегі» есімшелерге тоқталып, олардың заттық, сындық мәнін, қолданыста берілу жолдарын анықтау. Осы мақсатқа жету жолында мақалада ХІ ғасырда қолданысқа түскен есімшелер тобы тарихи
грамматика негізінде жүйеленіп, предикаттық және атрибуттық мәндері
анықталды.
Мақалада М.Қашқаридің «Түрік сөздігі» (аудармашы А.Егеубаев) негізгі дереккөз ретінде пайдаланылып, отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық тұжырымдары мен түсіндірмелері басшылыққа алынды.
Мақаланың зерттеу нәтижелері орта түркі жазба ескерткіштері мен туған тіліміздің тарихын зерделеуге үлес қосады. Сондай-ақ, тарихи грамматика, қазақ сөзжасамы бағытындағы зерттеушілерге пайдалы болмақ.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




