Аудиодескрипция аударма қызметінің ерекше формасы ретінде
Қаралымдар: 389 / PDF жүктеулері: 154
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-195-202Кілт сөздер:
әлеуметтік аударма, аудиодескрипция, аудиовизуалды аударма, коммуникация, аударманың арнайы әдістері мен тәсілдері, көрнекі ақпарат, деректерді аударуАңдатпа
Мақалада қоғамымыздың ерекше әлеуметтік тобына – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бағытталған Қазақстан Республикасындағы аударма қызметінің қазіргі жағдайы қарастырылады. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасау үшін бұл топқа аударманың ерекше түрі қажет. Аударманың бұл ерекше түрлерін мақала авторлары әлеуметтік аударма түрі ретінде анықтайды. Қазіргі уақытта ерекше әлеуметтік топтағы адамдар үшін сурдоаударма және тифлоаударма сияқты аударманың басқа түрлері де кездеседі, оларды әлеуметтік аударма түрлеріне де жатқызуға болады. Зерттеудің мақсаты -аудиодескрипцияның қалыптасуына және дамуына себеп болған тарихи және әлеуметтік-мәдени факторларды зерттеу. Зерттеудің негізгі идеясы әлеуметтік аударманың аударматану және аударма қызметі саласындағы заманауи зерттеулердің назарынан тыс қалғанын көрсетеді. Осыған байланысты аудиодескрипцияны зерттеу үшін әдіснамалық база құру, сондай-ақ аудармашы-аудиодескрипторларды дайындау мәселелері қазіргі қоғамда да, Қазақстан Республикасында да ерекше өзекті болып табылатынын мойындау қажет. Зерттеу жұмысында аудиодескрипцияға аударма қызметінің ерекше түрі ретінде салыстырмалы талдау жасалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.
Funding data
-
Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Grant numbers AP19679666 “Audio description as a socially-oriented type of translation activity: training of translators of audio description”




