Киім және әшекей бұйымдарына қатысты кірме атаулар (лингвистикалық корпус деректері бойынша)
Қаралымдар: 303 / PDF жүктеулері: 360
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-138-148Кілт сөздер:
мәтін, медиамәтін, лингвистикалық корпус, тіл өрісі, кірме сөздер, стиль, корпус, варваризм, жаргон, инверсия.Аңдатпа
Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі киім, әшекей бұйым атауларының қолданысы, стильдік қызметі талданады. Талдауға негіз болған киім, әшекей бұйым атаулары кездесетін мәтіндер «Қазақ тілі ұлттық корпусының кіші
корпустар» базасынан алынды. Осы мәтіндерді талдау кезінде қазіргі қазақ
тіліндегі киім, әшекей бұйым атауларына қатысты кірме сөздер, олардың түрленуі, қазақ тіліне тән қосымшаларды қабылдауы т.б. ерекшеліктеріне линвгистикалық талдау жасалады. Оған қоса, лексикология, оның ішінде кірме сөздерге қатысты зерттеу жүргізген белгілі ғалымдардың тұжырымдары да мақаладан көрініс тапты. Жиналған материалды талдау барысында
лексемалардың келесі жиілік парадигмасын қорытындылауға мүмкіндік берді. Әйелдер киімі мен сәніне қатысты атауларды, зергерлік бұйым атауларын тарихи этимология қабаты тұрғысынан қарастыру –
бұл атаулардың тарихи қабаттарын
анықтауға және тілдің көне тарихынан құнды мағлұмат алуға мүмкіндік. Зерттеу
барысында киім атауларына қатысты кірме сөздер жиі кездесетіні анықталды.
Тілімізде ағылшын тілінен шыққан киім атаулары да қарқынды қолданысқа еніп жатқандығы байқалады. Ол әсіресе жастар тілінде жиі қолданылатындығы лингвистикалық корпус мәтіндерінде көрініс табады. Тіліміздің лексикалық қабаты сән үлгілері мен бет, шаш күтіміне арналған заттардың және киімдердің жаңа түрі атауларының пайда болуына байланысты ғана емес, сонымен қатар басқа елдерде біраз уақыттан бері сәнге айналған заттардың елімізде қолданысқа еніп, таралуымен толықтырылады. Сәнге байланысты атаулардың қазақ тіліндегі
баламасын қолдануды насихаттау керек. Талдауға алынған медиамәтіндер тілінен
әйелдердің спорттық киім атауларының басым бөлігі басқа тілден енген сөздер
екені анықталды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




