Бата беру салтының кейбір фольклорлық-музыкалық жанрларға ортақ сипаттары
Қаралымдар: 368 / PDF жүктеулері: 291
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-170-183Кілт сөздер:
Ақмола облысы, Сарыарқа, рухани құндылық, қазақ фольклоры, алғыс, бата, қазақ, түркі-моңғол.Аңдатпа
Зерттеуде «бата беру» дәстүрінің мәтіндік және орындаушылық ерекшеліктері «беташар», «жарапазан» сияқты фольклорлық-музыкалық кейбір жанрларда ортақ көрініс табатыны анықталды. Көне түркі заманынан бүгінге ұласқан бұл жанрлардың шығу төркіні, қалыптасу кезеңі, поэтикалық ерекшеліктері қазіргі ұрпаққа тәлім-тәрбие құралы ретіндегі қызметі жан-
жақты талданды. «Жарапазан» мен «беташар» сияқты музыкалық фольклор
жанрларында да, батаның атқаратын қызметі анық көрініс тапқан. Әдетте
«бата беру» көбінде қос тармақты, егіз ұйқасқа құрылған өлең түрі – «бәйіт»
сияқты тақпақталып орындалса, жарапазан мен беташарда бата мәтіндерін әрлеп тұратын музыкалық әуеннің интонациялық, саздық жағынан дами түскенін аңғаруға болады. Бірақ мәтіні бата өлең негізінде құрылып, айтылар ой барынша тұжырымды болып келеді. Батаны моңғолдар «ерөөл» деп атаған, онда айтылатын формулалы сөздер қазақ батасымен үндес, сарындас
келеді.
Зерттеуде, Сарыарқа жерін мекендеген байырғы ел мен тәуелсіздік жылдары
шетелден көшіп келген қандастарымыздан жазылып алынған жарапазан, беташар, баталарды мақаланың ғылыми талдау бөлігінде салыстырмалы қарастырып, ортақ ерекшеліктері тұжырымдалды. Мақалада берілген жарапазан мен беташар мәтіндері мен бата түрлері Ақмола, Қарағанды
өңірлеріне жүргізілген ғылыми-зерттеу экспедиция барысында ел арасынан
жазылып алынған тың материалдар ретінде сұрыпталды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




