Поэтикалық ішкорпус: просодикалық белгіленім
Қаралымдар: 235 / PDF жүктеулері: 147
Кілт сөздер:
поэтикалық ішкорпус, синтагма, просодикалық белгілеу, ауызша сөз, корпустық лингвистика, аннотациялау, метабелгіленімАңдатпа
Мақала қазақ тіліндегі поэтикалық мәтіндердің просодикалық белгіленуін сипаттауға арналған. Мәтіннің просодикалық белгіленуі синтагмаларға, синтагмаларды ритмикалық топтарға (бунақтарға) бөлуден және белгілі бір ережелерге сәйкес синтагмалардың интонациялық түрін анықтаудан тұрады. Синтагма интонациялық мазмұны бар фразаның бір бөлігі немесе жалпы фразаның өзі болып табылады. Синтагманың арасын белгілеу семантикалық мазмұн мен интонема түрінің берілуіне әсер етеді. Сондықтан мәтінді синтагмаларға бөлу кезінде оның мағынасына қарап, мазмұны жағынан дұрыс қабылдануын ескеру қажет. Сөйлеу үстінде синтагмалардың шекарасын белгілеу үшін пунктуациялық, фонетикалық талдауға негізделген синтагманы ажыратудың белгілі бір ережелері қолданылады. Сонымен, просодикалық талдау басқа түркі тілдеріндегідей қазақ тілінде де поэтикалық сөйлеудің буындық құрылымға негізделгенін, бір қатардағы буын санының тұрақты болуы ырғақ болуының қажетті шарты екенін көрсетті. Поэтикалық субкорпораның просодикалық таңбалануы просодикалық элементтердің ауызша сөйлеуде тыныс белгілерін білдіру құралы екенін көрсетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




