Әз-Замахшаридің «Мукаддимат әл-Адаб» ескерткішінің синтаксистік ерекшелігі
Қаралымдар: 197 / PDF жүктеулері: 184
Кілт сөздер:
Әз-Замахшари, синтаксис, сөздік, ескерткіш, сөз тіркесі, сөйлем, сөйлем мүшесіАңдатпа
Өз дәуірінің ең білімді ғалымдарының бірі болған, Замахшаридің «Мукаддимат әл-Адаб» сөздігі орта ғасыр қолжазбаларының құнды дүниесі болып саналады. Осыған орай сөздікті лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу мақсаты қойылып, синтаксистік талдау негізге алынды. Мақалада Әз-Замахшаридің «Мукаддимат әл-Адаб» еңбегінің синтаксистік сипаты қарастырылып, ескерткіш тіліндегі сөз тіркестерінің жасалуы мен ерекшелігі анықталады. Әр сөз табынан жасалған сөз тіркестерінің қасиеті, жасалу ерекшелігі айқындалады. Сөз тіркесі болудың шарттары ажыратылады. Ескерткіш тіліндегі сөз тіркестері қазіргі түркі тілімен салыстырылады. Олардың мағыналық және құрылымдық ерекшеліктері анықталады.
Сондай-ақ сөйлемдер айтылу сазына қарай қарастырылады. Ескерткіш тіліндегі хабарлы, лепті сөйлемдер, олардың қызметі ажыратылады. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері анықталады. Сөйлем мүшелерінің лексика-семантикалық сипаты талданып, қазіргі түркі тілімен қатынасы сараланады. Сөйлем мүшесі бола алудың шарттары мен негізгі қағидалары анықталады. Зерттеудің практикалық құндылығы гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орнының ізденушілері мен оқытушылары зерттеу нәтижесін түркология пәндерінде қолдана алады. Зерттеу барысында жалпы қазіргі қазақ тілінде кездесетін синтаксистік заңдылықтар қаралады. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырылады. Ескерткіш тіліндегі айырмашылықтар талданады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




