Этнографизмдерді оқытудың инновациялық әдістері
Қаралымдар: 72 / PDF жүктеулері: 48
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-273-281Кілт сөздер:
педагогика, инновациялық әдістер, этнографизм, 8-9 сынып оқушылары, мұғалім-оқушыАңдатпа
XXI ғасырдағы қоғамда болып жатқан түрлі экономикалық, әлеуметтік, саяси өзгерістер білім беру парадигмасының өзгеруіне алып келді. Қазіргі таңда дәстүрлі білім берумен
қоса педагогикалық инновациялық технологияны қолдану қолға алынған. Орта мектепте оқушылар арасында коммуникативтік, тілдік, этномәдени, танымдық құзыреттіліктерді қалыптастыру қажет. Сол себепті этнографиялық лексиканы оқыту, оларды талдау мен түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін
ұсыну маңызды.
Бұл мақалада 8-9 сынып оқушыларына этнографизмдерді оқытудың инновациялық әдістері талқыланады. Мақаланың басты мақсаты – білім алушылардың этномәдени құзыреттілігін қалыптастыру, этнографизмдерді оқытудың тиімді инновациялық әдістерін іріктеу. Мақаланың
мазмұнында инновациялық оқыту жайлы теориялық ақпарат, білім алушылардан алынған сараптама нәтижесі, осы анализ негізінде жасалған практикалық жұмыстар, этнографизмдерді меңгерудің тиімді әрі оңтайлы әдіс-тәсілдер жиынтығы қарастырылды. Қазіргі білім берудегі
инновациялық оқыту ауқымды ұғым. Сол себепті оны микродеңгейде, яғни «мұғалім-оқушы» қарам-қатынасында қарастыру – ұсынылап отырған мақаламыздың нысаны болып табылмақ.