Көркем мәтін құрылымындағы детальдің қызметі
Қаралымдар: 420 / PDF жүктеулері: 566
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-158-166Кілт сөздер:
мәтінтүзілім, деталь, поэзия, көркем мәтін, таңба, өлең құрылымыАңдатпа
Мақалада поэзия мәтіндеріндегі көркем детальдің орны анықталып, ақындардың философиялық танымы мен психологиялық көңіл-күйін, эстетикалық ойын жеткізудегі рөлі айқындалады. Көркем бейнелеудегі
ұғымдардың мәні ашылып, ақынның көркемдік жадында таңбаланған бейнелер
талданады. Мәтін құрылымынадағы көркем детальдің қызметін танытуда Н.Айтұлы, Е.Раушанов, Т.Әбікәкімұлы, М.Райымбекұлы өлеңдеріне талдау жасалады.
Қазіргі поэзияда ой, идея, ақынның көзқарасы мен танымы, экспрессивті
эмоциялары түрлі детальдар арқылы көрініс тапқан. Сол элементтер мен детальдар көркем деңгейде түзіле келе мәтіннің жүйесін қалыптастырады. Осыдан жаңа бейнелеу, жаңа стиль, ерекше құрылым пайда болады. Поэзиядағы негізгі ой мен автор ұстанымы идеяны оқырманға жеткізу үшін қандай да бір тәсілдерді қолданады. Поэзияда тілдік бірліктер көркемдік жүйені қалыптастырса, сол жүйенің тетігінде тұрған деталь өзінің мағыналық-символикалық мәнімен жаңа бейнелеулерге негіз болды. Заманауи қазақ поэзиясының көркемдік-бейнелілік жүйесінде детальдар түзілімі ерекше орынға ие жаңашыл ізденістерге толы. Мақалада мәтіндегі көркем детальдің қызметі поэзия туындылары мысалында
қарастырылып, жан-жақты талдау нысанына алынады.
Көркем туындының мәтіндік құрылымы макро және микро детальдардан
тұратыны белгілі. Олардың біреуі анық, ашық, қалыпта көрінсе, енді біреулері
жасырын, астарлы, тұспалды түрде қолданылады. Ақындар қолданысында түрлі
қалыппен бейнелеуге қызмет ететін детальдар мәтіннің өзегі екені талдаулар
нәтижесінде тұжырымдалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




