У. Шекспирдің 130-сонетінің қазақ тіліндегі аудармасының ерекшеліктері
Қаралымдар: 314 / PDF жүктеулері: 420
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-211-220Кілт сөздер:
Хамит Ерғалиев, Самуил Маршак, аударма әдістері, көркем аударма, сөзбе-сөз тәржіме, жанама аударма, сонеттердің қараторы ханымыАңдатпа
Ағылшын жазушысы, актер Уильям Шекспир әлемге өзінің пьесаларымен қатар сонеттерімен де аса әйгілі. Ақын қаламынан саны 154-ке жететін әсерлі де тартымды сонеттер шыққан еді. Автор өзінің бұл
жұмысында түрлі тақырыптарды қамтып, әр алуан бейнелерді һәм бейнелеу құралдарын шебер қолданған. Оның, әсіресе, 18 және 130-сонеттері өте танымал. Осы тұрғыдан, ұсынылған мақалада 130-сонет қарастырылып, оның орыс және қазақ тілдеріндегі аударма нұсқалары талданады. Бұл зерттеудің мақсаты – У. Шекспирдің 130-сонетінің қазақ тіліндегі тәржімесінің
ерекшеліктерін анықтау және зерделеу. Мақала, түпнұсқа мен аударма нұсқалары арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды, сондай-ақ әр аудармашының тәржіме жұмысында қолданған әдіс-тәсілдерін анықтауға
бағытталған. Бұл ғылыми жұмыстың идеясы – сонеттің үш нұсқасын салыстыру, Самуил Маршак және Хамит Ерғалиев нұсқаларында кездесетін өзгешіліктерді дәйектеу. Берілген мақаланың ғылыми маңыздылығы
Х. Ерғалиев аудармасындағы сонеттердің жеткіліксіз зерделенуінде.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұсынылған деректердің студенттер,
магистранттар және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалы болуымен айқындалады. Ғылыми жұмыс барысында У. Шекспир сонеттері, көркем аударма, сонет аудармасына байланысты ғылыми тұжырымдар ескеріліп, салыстыру, сипаттамалы, аналитикалық әдістер
кеңінен қолданылды. Аталған әдістер сонеттің түпнұсқасы мен оның С.
Маршак аударған орыс тіліндегі және Х. Ерғалиев тәржімелеген қазақ тіліндегі нұсқаларының арасында әртүрлі айырмашылықтардың бар екендігі
туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




