Л.З. Будаговтың «Түрік-татар сөздерінің салыстырмалы сөздігінің» қазақ лексикографиясындағы орны
Қаралымдар: 185 / PDF жүктеулері: 118
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-38-43Кілт сөздер:
лексика, лексикография, тарихи сөздіктер, Будагов, сема, этимологияАңдатпа
Мақалада түркітанушы ғалым Л.З. Будаговтың «Түрік-татар сөздерінің салыстырмалы сөздігінің» лексикалық және семантикалық ерекшеліктерін талдау және қазіргі түркі
тілдеріндегі алатын орнын айқындау мәселелері қарастырылады. Қазақ тіл білімінде аталған лексикографиялық еңбектің алатын орны ерекше, сондықтан бұл сөздіктің авторы, еңбекті құрастырудың мақсаты мен міндеттері, құрылымы, сөздердің берілу жүйесі, транскрипциялануы, түсіндірілуі
мен тарихи құндылықтары сөз болады. Сонымен қатар тақырыпты ашу мақсатында бұл тарихи
еңбектің тіл біліміне қосар үлесінің, оның құндылығының өте жоғары екендігін дәлелдейтін нақты
мысалдар келтіріледі. Қазақ халқының салтында, тұрмыстық дәстүрінде, әдет-ғұрыптарында кездесетін өзіндік болмыстарды нақты суреттейтін мысалдар: бес қонақ, құралайдың салқыны, қозы
күзем, суыр базары т.б. ұғымдар туралы нақты деректер сараланып беріледі. Келтірілген мысалдар
қазіргі таңдағы Қазақстанның батыс өңірінде кездесетін тұрмыстық әдет-ғұрыптарға сәйкес келеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




