Армян-қыпшақ ескерткіштеріндегі есім сөз таптарының жалпы сипаты
Қаралымдар: 230 / PDF жүктеулері: 118
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-124-3-192-203Кілт сөздер:
ескерткіштер, орта ғасыр, қыпшақ, армян-қыпшақ, зат есім, сын есім, сан есім, категорияАңдатпа
Қазіргі түркітану мен тілтанымның түрлі салаларында қыпшақ тілінде жазылған
мұралар сипатталып, зерттелгенімен, «Төре бітігі», «Қыпшақ грамматикасы» секілді армян-қыпшақ
ескерткіштері тілдік тұрғыда арнайы зерттеу нысаны болған емес. Осы себепті мақалада орта ғасырлық армян-қыпшақ «Төре бітігі», «Қыпшақ грамматикасы» жазба ескерткіштерінің тілінде кездесетін есім сөз таптарына жан-жақты талдау жасалған.
Қазіргі қазақ тілінің орта ғасырлық қыпшақ тілі негізінде дамығаны белгілі. Мақала тақырыбының негізгі мақсаттарының бірі – орта ғасырлық қыпшақ тілінен қазіргі қазақ тілінің қалайша
өсіп шыққандығын нақты тілдік деректер мен заңдылықтарды зерттеу негізінде дәлелдеу. Армения
«Матенадаран» мұрағатында сақталған қолжазбалар осы мақалада қазақ тіл білімінде алғаш рет
ғылыми пайымдаулар мен зерттеуге негіз болған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




