Қазақ және Қытай тіліндеріндегі метафоралардың ерекшеліктері
Қаралымдар: 150 / PDF жүктеулері: 92
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-124-3-98-108Кілт сөздер:
метафора, метафоризация процессі, когнитивтік метафора, ортақ және ұлттық-спецификалық ерекшеліктерАңдатпа
Қарастырылған жұмыста қазақ тілінде жиі кездесетін кейбір метафоралардың
қытай тілінде мағыналас мәнде қайталануы, өзіндік сипатқа ие болу қасиеттері айқындалады.
Берілген жұмыста қытай тілі мен қазақ тіліндегі метафоралар салыстырыла отырып когнитивтік
тұрғыдан қарастырылады. Әртүрлі табиғат құбылыстарына деген өзге халықтардың көзқарастары,
адам және жануар образдары ассоциативтік түрде сипатталып, метафоралық мағыналар
механизмдерінің ортақ және ұлттық-спецификалық ерекшеліктері түсіндіріледі.
Қытай тілі мен қазақ тіліндегі концептілерге компоненттік талдау жасалып, олардың олардың коннотативтік семалары бөлініп шығарылды, сондай-ақ екі ұлттың мәдени ерекшеліктері жайлы білімге сүйене отырып, алынған концептілермен байланысты ассоциациялары талданды.
Салыстырмалы талдау жасау нәтижесінде екі халықтың ұлттық спецификалық және ортақ
ерекшеліктері айқындалып, бастапқы денотаты бойынша екі тілде бірдей концептілердің образды
семантика қатынасының бірнеше түрі бөліп шығарылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




