Қазіргі қазақ тіліндегі «ақ» сөзінің сөзжасамдық әлеуеті
Қаралымдар: 212 / PDF жүктеулері: 99
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-125-4-136-144Кілт сөздер:
ақ, сөзжасамдық ұя, құрылым, әлеует, сөзжасамның аналитикалық және синтетикалық, лексика-семантикалық тәсілдеріАңдатпа
Қазақ тілінде «ақ» сөзі көпмағыналы сөздердің қатарында қарастырылады.
Тілімізде бұл сөз заттық, сындық, сапалық мағыналарда қолданылатын көптеген сөздердің жасалуына негіз болған. Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі «ақ» сөзінің сөзжасамдық әлеуеті сол сөзден
өрбіген сөзжасамдық ұяға талдау жасау негізінде анықталады. Тілдік деректер, яғни туынды сөздер
ғалым Б. Қасымның «Күрделі зат есімдер сөздігінен» және «Қазақ әдеби тілінің сөздігінен» жиналған. Сөзжасамдық ұяны зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, «ақ» сөзінен 211
туынды сөз жасалғаны анықталады. Сонымен қатар сөзжасамдық ұядағы туынды сөздің 15-і синтетикалық тәсіл арқылы, 21-і лексика-семантикалық тәсіл арқылы, 175-сі аналитикалық тәсіл арқылы
жасалғаны, 202 сөзжасамдық жұп, 174 сөзжасамдық тізбек, 3 сөзжасамдық тарам, 6 сөзжасамдық
саты бары дәлелденеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




