Атилла туралы аңыздаулар
Қаралымдар: 271 / PDF жүктеулері: 168
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-125-4-8-15Кілт сөздер:
Атилла (Еділ, Этцель), «Құдайдың қамшысы», ғұн, аңыз, дастан, авентюра, батырлық эпосАңдатпа
Мақалада ғұн империясының даңқты билеушісі Атилла (Еділ) туралы аңыздаулардың көркем әдебиеттегі көрінісі қарастырылады. Қазақ халқының арғы
ата-бабалары ғұндар мен оның патшасы Аттиланың мифтегі орны көркемдік бейне болып
сақталғандықтан, оның батырлық тұлғасына байланысты жазылған деректер талданды.
Әлем халықтарының аңыздарына арқау болған даңқты қолбасшының мемлекет құрудағы
және елдікті нығайтудағы істері оның көркем образын жасауға негіз болғандығы талдаулар
нәтижесінде тұжырымдалады. «Нибелунг туралы жыр», «Алып қолды Вальтарий» сынды
ежелгі герман эпостарында, исландиялық «Волсунга туралы сага», норвегиялық «Тидрек
туралы сага», скандинавиялық «Эдда» аңыздарындағы ұлы қолбасшының бейнесі салыстырылған. Әлемдік зерттеуші ғалымдар мен қаламгерлердің Атилла туралы жазбаларындағы деректер мен халық мұрасындағы сюжет, мотивтер талдаудың негізгі өзегіне алынған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




