Қазақстанның лингвистикалық ландшафтындағы көптілділік белгілері (Астана қаласы негізінде)
Қаралымдар: 223 / PDF жүктеулері: 103
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-142-149Кілт сөздер:
көптілді белгілер, лингвистикалық ландшафт, эргонимдер, қоғамдық кеңістікАңдатпа
Бұл мақалада тілдің қызмет етуі мен жойылуы көптілді ортада негізгі анықтаушы фактор болып саналатын динамикалық жүйе ретінде қарастыру лингвистикалық ландшафт
пен қоғамдық кеңістікті зерттеу үшін тиімді әрі нәтижелі болатыны қарастырылады. Тіл жаһандану үдерістерінің басты белгісі болып табылады, себебі әлемдік жаһандану жүйелерінің дамуы тіл
арқылы хабарласу және жаңа технологиялар көмегімен таралатын көптілді белгілер мен бейнелер
арқылы қарым қатынас орнатуына тәуелді. Қаланың лингвистикалық ландшафты адамдарға қиындықсыз өз тілін оңай пайдалана отырып, қоғамда өмір сүруіне мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты
– Астана қаласы бойынша енгізілген тілдік жоспарлау үдерісі арқылы коммерциялық бағытталған
лингвистикалық ландшафтын зерттеу және тіл тұтынушыларының қажеттіліктерін, көптілді белгілерге қатынасы мен қабылдау ерекшеліктерін анықтау. Бұл зерттеуде сандық және сапалық көзқарастары бойынша, қала кеңістігіндегі тілдің динамикалық өзгерісі, сонымен қатар, қала тұрғындарының осы процестерге деген көзқарасы қарастырылған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




