Қазіргі қазақ әңгімесіндегі антропоморфизм көрінісі (Асқар Алтайдың «Кентавр» әңгімесі бойынша)
Қаралымдар: 278 / PDF жүктеулері: 171
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-128-3-59-67Кілт сөздер:
антропоморфизм, кейіптеу, персонификация, анимизм, көркемдік-бейнелілік жүйеАңдатпа
Ежелгі дүниетаным мен ілкі санадан бастау алатын антропоморфизмдер – өнердегі көркемдік әдіс. Алайда антропоморфизмдер бүгінде формасын өзгертіп, символдық, тұспалдық мәнге ие болуы нәтижесінде көбіне шығармадағы айтылар ойды жеткізуге ықпал етіп, көркемдік-эстетикалық қызмет атқарады Мақалада қазіргі қазақ әңгімесіндегі антропоморфизмнің
қаламгер мұратын, ұстанымын танытудағы осы қыры талқыланады. Сондай-ақ антропоморфтық
танымның қазақ халқының фольклорында, күнделікті тұрмыс қолданысында кездесуіне шолу жасалады. Мифология мен көркемдіктің үйлесімін талдау арқылы мифологиялық және антропомифологиялық бейнелеулердің бүгінгі әдеби дамудағы өзіндік ерекшелігі мен маңызы көрсетіледі, өмір
шындығын бейнелеу тәсілдеріне сараптау жасалады. Жазушы Асқар Алтай әңгімелерінде мифтік
кейіпкерлер мен сюжеттердің уақыт көшіне орай трансформациялануы, қаламгердің оны құбылта
пайдалану шеберлігін тану қазіргі кезең әңгімелерін жаңа көзқарас тұрғысынан талдаудағы өзекті
мәселелердің бірі деп санаймыз.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




